Жылдық қорытынды

Жылдық қорытынды
жеке
блог

Негізі өзім эстафетаны кезексіз жазуға мастермын) Кезегімді күтсем келер жылы жазатын сияқтымын) Ал, кеттік:

Жыл цитатасы(лары): Ешуақытта, ешкімге: ашулы күйде жауап берме, қуанып тұрып уәде берме, ренжіп тұрып шешім шығарма!

Адам ұлтына бола жаман не жақсы болмайды. Адамның жақсылығы дініне, тіліне, біліміне байланысты емес, бәрі де тәрбиеге кеп тіреледі.

Дос көп! Агентте 5000, твиттерде 500, үйлену тойыңда 50, басыңа іс түскенде 5 досың қалса да, көрде жалғыз жататыныңды ұмытпа!

Шалқайғандардың болашағын шалқасынан түскендер болжайды...

Жыл танысуы: Енді бұл жылы жаңа ортаға келдім. Сондықтан танысулар көп. А негізі массагеттіктерден Анарканы кездесіп, көргеніме қуаныштымын) 

Жылдың үздік тағамы: Сабақтан кееш, шаршап келгенде әкемнің жасап қойған тамақтары))

Жыл жемісі: Кішкентай мандариндер.

Жыл сусыны: су

Ең керемет күн: 18-ге толған күнім!

Ең керемет кеш: Мектеп бітіру кеші.

Жылдың ең үздік орны: Достарыммен барған караоекелер)

Орындалған арман: Журналистік оқуға түсу.

Жыл әншісі: Майғазының өнерлі ері мен үшін әрқашан үздік әнші), Бруно Марс

Жыл әні: Арай-Сен (жай нұсқасы), С.Майғазиев-Бал әнім.

Жыл сайты: Массагет, Айтабер, ВК.

Үздік фильм: Жаужүрек Мың бала, Форсаж 5.

Үздік сериал: "Көкжалдар мекені" (қайта басталды бүгін, йес!)

Үздік актер: Асылхан Төлеп, Ерболат Тоғызақов.

Үздік кітап: П. Коэльо "Алхимик", Ш.Мұртаза "Бір кем дүние".

Жыл жанкүйері: Қазақстан-Аустрия футбол ойындарында Данияр Алан бастаған жанкүйерлер.

Ең есті сөз: Мектеп бітіру кешінде бәәәәрі мәз, билеп, ән айтып құтырып жүргендерге қарап құрбымның анасы: "Ертеңнен бастап ересек өмірге қадам басатындарын білмей, өздерінше мәз" дегенде күліп едім қатты)))

Ең керемет адам: Ата-анам мен құрбым Рабиғаның ата-анасы.

Жыл блогері: Анарка, Жанат аға.

Жыл гүлі: Ағам мектеп бітіру кешіне келмейм деп алып, аттестат алып шығып келе жатқанда үлкен букетпен күтіп тұр еді)) Одан мұндай ешқашан күтпегем)))

Жыл күйініші: Досымнан айрылып қалуым. 

Жыл өкініші: "Алтын белгіні" ала алмай қалуым.

Жыл сандырағы: Ақырзаман.

Осы жететін шығар. Өз білгенімше жазып шықтым. Келер жылға бақ тілеймін! Армандарыңыз орындалсын! Жақындарыңыз аман болсын!

P.S. Бәрі сыйлықтарын алып, мақтанып жатыр. Мен де жақында сессиям біткесін, Массагеттің өзіне барып алып кетем, ля ля ля))))