Өзегім өртеледі Оны ойласам!

Өзегім өртеледі Оны ойласам!
жеке
блог

Біз қаншалықты бақыттымыз? Қаншалықты сүйіктіміз? 

30 жасқа келсем де, бақытсызбын! Иә, бақытсызбын, маңдайымның соры бес елі! Жұбанышым - ащы су мен у темекі..

Өзімді шексіз сүйетін әйелім бар..бірақ Оны аңсаймын, сағынамын, қалаймын әлі күнге дейін! Күнде өзімді алдаймын, не деген жексұрынмын..

Бәріне жүрекке бағынбаған мына шақшадай басым кінәлі! Сол кезде қолымды бір сермеп, қиындықтан қашпағанымда ғой.. 

  Қазір Ол да бақытсыз шығар, бәлкім кім біледі. Бір сәтке Оны сырттай көргім келеді, 7 жылда жиналған құмарымды қандырғым келеді. Қасына жақындап, қатты құшақтағым келеді.

Құрып кетсін бәрі..

Құдай-ай, қу дүние-ай..