Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Іздедім бала,балғын шағымды....

Іздедім бала,балғын шағымды....

Іздедім  бала,балғын  шағымды....

 

                                                                                        Менің  сәби  шағымның ауылдағы

                                                                                Көленкесін  ертіп ап  жүр ме  екенсің...

   Алыста   қалған  балдай  тәтті  балалығым!...   Осынша  жылдардан  соң  сені  мұнша  сағынарымды  білмеппін.

Жарсуаттың     жусаны  мен  изені  аралас өскен  шұбар  шаңы  шаңытқан  шөл  даласын, Жайығы  жылжып аққан  жыңғыл мен  құба талы аралас  өскен  құмды  жағалауын  жалаң  аяқ  кешіп  өскен  бала  кезім...

Сөмкесін  сүйрете  жүріп,тақыр бас  қара бала мен  ақ  бантик  таққан  бүлдіршін  қыз боп бастауыш  сынып  табалдырығын  аттаған  сәтіміз...

Ақ параққа  алғаш  салған  әріптерімізді  мақтаған  мұғалима  апайымызға  жақсы  көзбен  қарап,мақтаныштың   дәмін  татқан   кездер-ай...

Тентек ұл мен  сүйкімді  қыз  боп  қатар  түзеп  ортаңғы сыныптың  оқушысы  атанған  кезіміз ше...  Сол  сүйкімді  қыздардың  ашуына  тиюді  әдетке айналдырған  тентек ұлдардың  қылықтары  әсте  ұмытыла ма..?. Езуіңе еріксіз  күлкі  үйіретін  қимас  кездер...

Алғаш  жүрек түбінде  жақсы көру  сезімінің  ұя салған  кезеңі  одан да  тәтті еді –ау...

Мұрты тебіндеген  бозбала  ұрлана көз салған сәтте қызара қысыла  қалатын  бойжеткен  шақты да бастан кешірген  шақтар ше.?..

Өмір – өзен  ағысымен  тағдыр  таңдатқан  әр  жолға  түсіп,    қимай  қоштасқан  мектеп  бітірген  уақыт –ай, шіркін?!

Осыдан  25 жылдай  бұрын  Жарсуаттың   ақ тақырға  айналған  бұралаң  жолдарына  түсіп  ап, 62  түлек  әркім  өз  жолымен  кетіп еді.

Талайларды алда  күткен  бақытты  шақтарына  шығарып  салып, талайларды  қайта  күтіп  алған,сол  ауылдың   түлеп  ұшқан  перзенттерінің  қуанышы мен  қайғысына  ортақтасқан   бұралаң  жолдарды  кейде  мен  көне көз  ақтілеулі  қарияға  ұқсатамын.

Жарсуат  ауылы  -сол  үшін де  аяулы,құтты мекен.

Өйткені,сол ауылда менің  балдай тәтті балалығым  қалды.

Шимайға  толған дәптерім,аңқау да  аңғал  шақтарым  қалды.

Сол ауылда  менің жылаған,күлген  күндерім,қымбат та қызық  кештерім қалды.

Сол ауылда менің  шындыққа сенген сәттерім, таза да  мөлдір  сенімім қалды.

Сол ауылда  менің  аяулы  шағым-жастығым,пәк,таза махаббатым  қалды.

Шаңы  бұрқыраған  көшемен  табанымызға  кірген  тікенге  қарамастан  асыр  сала  ойнаған  бала  күндерін  кім  сағынбайды  дейсің?!

Көше  бойлап жүріп  келем, үй  көлеңкесінде  асық  ойнаған  ұлдар да,қабырғаға  доп  лақтыра  ойнайтын  бұрымды  қыздар  да  көрінбейді.

Міне,он жыл  оқыған    алтын  ұя  мектебіміз де  көрінді.Есік  алдында  сыңғырлаған  қоңырау   үнін  күтіп  тұратын,енді  қайталанбайтын  уайымсыз- мұңсыз  балғын  шағымды  есіме  алып  біраз  кідірдім.Класс  бөлмелерінде,ұзын-ұзын  дәліздерде,тіпті  пионер  бөлмесі  мен  спорт  залда  да  үйреншікті  күлкі мен  көңілді  шу- балалықтың  таңғажайып  мөп-мөлдір  әуені  естіліп  жатушы  еді-ау! 

Класс  -  үлкен  өмірдің  кішкентай  бейнесі  секілді  екен  гой.Ол  кезде  ондай ой  басымызға  қайдан келсін?!Сол  кішкене  бейнелерді  үлкен  өмірге  икемдеп, соқпақты  жолға салып,талмай  ізденуді,қиындықты  еңбекпен  жеңілдетудің  жолын   үйреткен  аяулы да  сүйікті  ұстаздарымыз-  Борис  ағайдың   қоңыр үні,  Баркенай  апайдың,Қамария апайдың  мейірімді  жүздері,Қабдол,Қалу  ағайлардың жарқын  бейнелері,Мария  мен Ғалия ,Балжан апайлардың  басымыздан  сипаған  қамқор  келбеттері  көз  алдыма  келіп, жанарыма  мөлтілдеп жас  келгендей  болды.Шіркін,  нағыз  ұстаз  десе  ұстанымы  мықты,талай  тентекті  қабақ  түюімен  тезге  салатын жандар  еді...

Ауылымның  қоңырқай  тірлігін  тамашалай  түсіп,бастауыш  сыныпта  оқыған  ескі  мектеп  жанына  да  жақындап қалыппын.Мектеп  алдында   малшы  балалары  жататын  интернат  үйі де  бүгін  ауыл  тұрғындарының  баспанасына  айналыпты.Баяғы сырланған ағаш  есіктер,әктелген  қабырғалар.

Балалық  шағымның  алаңсыз  күндерінің  бір  сәттік  бақытты  шағын  көргім  келгендей жаныма  жақын,көзіме  жылы  ұшырар  бір  белгі  іздегендей  жан- жағыма  ұзақ  қарап  тұрып  қалыппын.

Иа,жаныма  жақын  ештеңе  таппадым,тек  балалық  шағымның  сайраған  іздерін  көргендей  болдым.Көше бойында өскен  биік  ағаштардың  сыбдыр  қаққан  жапырақтары «өткен  күндеріңді  сағындың ба,балалығың,жастық  шағыңды  сағындың ба,біз  соның  бәріне  куәгерміз  ғой»  дегендей   сыбдыр-сыбдыр  қақты.

Жүрегімді  қайта  оралмас балалық,жастық  шағымды  аңсаған  сағыныш  сыздатты.Бақытсыз-ақ  бақытты  болған,бала  шағымның  куәсі  болған  Ауылыма  деген   сағыныш  сызы  сыздатты.

                               Ауылда  өстім  шаңына  аунап  еркелеп,

                               Ұядан ұштым,  қатайды  қанат  ертерек.

                              Бәрі де  ғажап  сағынған кезде  ауылды,

                              Аңсарым  ауып,  іздедім сені  ауылым.

                                 Ауылым  аңсадым,аппақ  таңыңды,

                                 Тұнық  кешіңді,алма  бағыңды.

                                 Өзіңе  барып,  қуып  сағымды.     

                                Іздеймін бала,балғын  шағымды.

Таныс  ән  әуені  құлағыма келгендей  әсерде  тұрып  қалыппын. Ауылымнан  бала,балғын  шағымды іздеп  келгенімді  түсіндім. Қайдасың, менің  балалық,бал  күндерім!

 

 

 

 

 

 

 

 

5
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 22 желтоқсан 2012, 22:53
Тегтер: балалық шақ

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.