Осы ма ақырзаман???

Осы ма ақырзаман???
жеке
блог

8 сынып қой деймін. Жасым 14-те. Қатал апайлардың арасындағы ең "жақсысы" сыныптан шығып кеткеніне жарты сағат болды. Қыздармен әңгіме айтып, сырласып кеттік. 14-жастағы қыздардың арманы не десеңіздерші сонда. 

- Осы 2012 жылы конец света болады дейді ғой, естідіңдер ме?

- 2012 дейді? Әй 2012 болғанда біз нешеде боламыз?

- 21-22 де...

- Е онда бопты ғой. 22 дейін мектеп, универ бітіреміз. Тіпті бір жыл жұмыс жасап та үлгереміз. Қалтамыз ақшыға толы болады, қыдырып, киініп те үлгереміз. 

- Сәті түссе күйеуге де тиерміз!

- Бала туып үлгеру керек!

"2012? Әлі талай уақыт бар... 2012 жеткенде ойланармын, бірақ оған дейін қалайда бақытты болуым керек" деген ой түйдім сонда.

Бүгін сол байғұс 2012 жылдың 21 желтоқсаны. Осы күн жайлы қанша дау туып, қанша прикол айтылды. Жақындаған сайын талай әңгіменің тақырыбына да айналды.

Бүгін біртүрлі қанағаттандырылмағандық сезініп отырмын. Осы ма? Сонша сөз айтылған күн осы ма?

Өз басым әрине бүгін бірдене боларына сенбедім. 2012-нің ақырзаманы - тақырыпты басқа, шынымен толғандырарлық мәселелерден көңіл аударудың амалы ғаны. Әлемдегі орын алған саяси, қоғамдық проблемаларға қазір бәрінің түшкіргені бар - все таки ақырзаман.

Жалған ақырзаманды басымыздан өткеріп отырмыз. Бұл да бір ойландырарлық мәселе. Бүгін расында бақилық болсақ, өз өміріңізбен риза болатын ба едіңіз? Өз өліміңізбен ше?