Қариялар...

Қариялар...
жеке
блог

  Бүгінгі қоғам жаһандану заманы болса, сол заманмен бірге данагөй қарияларымыз жұтылып бара жатқандай. Себебі, қазақ қоғамында қашанда данагөй, көнекөз қарт-қарияларымыз көп болатын. Қазір олардың қатары тіптен сиреп кетті. Оның орнын жүзінде иман, тілінде кәлимасы жоқ, қыз-қырқынға қырындаған қу шалдар ғана қалды. Балалары мен немерелеріне ақыл айтатын қайран қарияларымыз ай...

Елуді еңсерсе де есі кірмеген ер азаматтар көбейіп кетті. Есіл дерті жас қызда, ішімдік пен темекі де... Ертеңгі күнін емес, бүгінгі шағын ойлап әлек... Әттең... Қайда барамыз?! Жөн сілтеп, ақыл айтар қарияларымызсыз кім боламыз? Тілден жұрдай болып отырғанда, енді "қазақылығымыздан" ада қалмасақ екен... Жан айқайды естір жан жоқ...