Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ГҮЛБАҒИЛА

ГҮЛБАҒИЛА

ГҮЛБАҒИЛА

Жау келсе осы Салтанаттың тұсынан көрінер деп отыр ем... ). Эстафета сұрақтары: Романтика сөзін естігенде көз алдыңызға не елестейді? Өміріңізде орын алған немесе өзіңіз куә болған романтикалық сәт, - деп қойылған екен. Е, деген... ).  Қайсыбірін айтайын, менің күнделікті өмірім, әрбір сәтім романтика ғой ). Ең алғашқы, жалт етті де жоқ болған, жүректі қарып шоқ болған балғын, балауса шақ дұрыс болар. Дұрыс жеткізе алсам, қоспасыз, қаз-қалпында баяндап берейін ). Кейінгілері, иә кейінгілері: «Өте құпия – қатерлі жағдайда өртелсін!», қысқаша, КИО КУ МИЦУ! 

 

ГҮЛБАҒИЛА

Май айы. Мектеп бітіруге де санаулы күндер қалған. Облыс орталығынан апамның аулына әрі қыдыра, әрі көктемгі үй жұмыстарына қолғабыс бере келген едім. Тірлігім,  ауылдық жерде жаппай қолға алынатын, қол көмегін қажет ететін қауырт жұмыстар – арық, жылғаларды кір-қоқыстардан тазарту, жер аудару, қыстан қалған шөп-шалам, кәшектерді өртеу! Апамыз жанымызда отырса – шаршау жоқ. «Тайдың мінгені, баланың жұмсағаны білінбейді», «Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің еліңе жақсы» деп отырушы еді.  

Түс қайтып бара жатқан мезгіл. Күннің күрт қызуы бар, тынымсыз қимылдың соғып тастағаны бар: тілім аузыма сыймай, көлеңке саялап тұрғанмын. Кенет көзіме көше бойлай ырғатыла тербеліп келе жатқан бойжеткеннің оттай басылғаны. Ай, керім десе керім еді-ау! Көктемгі мамыражай, табиғат алуан түске боялып бар мейірін төгіп тұрған шақтағы сол қыздың бейнесі әлі де көз алдымнан, еш ойымнан кетер емес. Бұл, Гүлбағила еді. Гүлбағила десе – нағыз Гүлбағила еді! Гүлбағила – ақсары келген, өте көрікті, ажарлы қыз. Ауыл, аймақта бәрі тек, бірыңғай – Бағила деп атайтын.  Алдында, «Бағила келіпті» дегенді естігенмен, мұншама сұлу, сымбатты болар деп ойламаған екенмін. Дегбір кетті. Көңіл алып ұшып, «Апа, суға барып келе қояйыншы» дегенді қалай айтқанымды да сезбей қалыппын. Оның да өзіндік себебі бар, өйткені Бағила - қолына қос шелек ұстай суға келе жатқан еді. Ал, құдық біздің үйдің іргесінде болатын. Құдық басына қалай жеткенім, не айтып, не қойғаным жадымда жоқ, тек, кешке міндетті түрде кездесуіміздің қажеттігін іштей ұғып, ақырын тарқай бердік. Расында, бұрынырақ тек, көзтаныс болғанымызбен тікелей тілқатысып, сөйлесіп тұрғанымыз осы ғана.

Әндете жүріп талай істі жапырып, індетіп тастасақ керек: апам да, жеңгем де дән риза! Мал-жанды жайғастырып, кешкі абыр-сабыр басылған соң көше иттерін абалата отырып, қызды ауылдың төңірегін торуылдай бастадым. Гүлбағиланың үйі біздікіне тиіп тұр десе де болады, бар-жоғы бес-алты үй жоғары. Кішірек інісі арқылы сәлем айтсам: « - Етті қазір түсіріп жатырмыз, жарты сағатта шығамын» дегенді жолдапты. Уәдеге берік екен, дәл уақытында келді. Ортақ тіл табысып кеткенше әрнәрсенің басын бір шалып, көше жақ беттегі шағын скамейкада ұзағырақ отырып қалсақ керек. Ұйқы қысып, қажыды ма, әлде, әпкелерінің жеке бас қауіпсіздігіне шын көздері жетті ме, біраз отырған соң інісі мен сіңлісі ақырындап жылыстап кетті. Тіршілік атаулы маза тауып, ауыл – тегіс ұйқы құшағына бөленген. Үйдің де шамдары сөніп, «қарсы барлау», «қауіпсіздік комитеті» де бірте-бірте ұйқыға ден берді...

Түн. Май түні. Толықсып көтерілген ай сәулесі төңіректі біртін-біртін жарық нұрға бөлеп, оңаша қалған екеуміздің бет-жүзіміз айқын көрініс тапқан кез. Ай нұрымен толықсып, сәулеленіп, нұрланып көрінген Бағиланың сұлулығындай сұлулықты онан кейін мүлде кездестірмеген екенмін. Дәурен-ай, десейші... Бойымыз үйренісіп, әңгіме ауаны ортақ тақырып, өзіндік мен, ішкі сырларға қарай ойысып бара жатты. Көп әңгіме айтылды, бірді айтып, бірге кеттік. Бір кезде: «Біз, қыздар, Сізден қатты сескеніп қорқатынбыз. Сөйтсем, ...» деп, аузын томсырайтып, көздері күлімдеген қалпы жүзіме қарап қимылсыз қалғаны. Мен де іле-шала, шыдай алмай: «Сөйтсең не болыпты?» десем, басын шалқалатқан қалпы, бар даусымен сыңғырлата, құйқылжи күліп жібергені. Ай, күлгенде де сықылықтап ұзақ күлді, ау. Неткен мөлдір, неткен пәк еді?! Иттер үре жөнелген соң, есектер ақырып, ауыл азан-қазан болды. Түн тыныштығы –  тордағы тауықтардың дүрліге қыт-қыттауымен зорға маза тапты.

Ауылдың маңында биік дөң бар еді, басына шықсаң 25-30 км. радиустағы аймақ еркін көрінеді. Кімнің идея тастағанын білмедім, әңгімеміз жарасым тапқан мезет дөңге шығып қайтпаққа келістік. Барарда тым қатты жуыспай, қатар жүріп отырсақ, дөңнің басына шыққаннан кейінгі сезімді тілмен айтып жеткізу, елестету мүмкін еместей. Бұл шақта біздің қырлар оттай лаулаған қызғалдаққа тұнып тұрар еді. Түнделетіп гүл термесек те, айнала төңіректі тамашалап, сызылта бірге ән айттық, жұлдыздарға таласа, шын мәнісіндегі көктегі армандарға қол созған едік. Бағила – сүттей жарық түнгі аспаннан «Жеті қарақшы» жұлдызын бірден-ақ тапты. Алайда, «Кіші аю» , «Темірқазық», «Ақбозат», «Көкбозат» жұлдыздарын айырып, ажырата алмады. Мен, ол жұлдыздармен қатар, «Қарақұрт», «Үркер» жұлдыздарын да қалай ажырату қажеттігін айта келе, оқыған, естіген аңыз-әңгімелеріме де біршама тоқтала кеттім. Бағиланың осынау әңгімелерді қойтастың үстінде қатар отырып, зейін қоя ұйып тыңдаған сәттері мен жұлдыздарға қарай терең ойға шомған бейнесі де сол қалпы жадымда мәңгі қалып кеткен екен. Биіктен төмендегі ауылға елжірей қарағанымыз, ол жақтан естілген әрбір үнге елең етіп, көктемгі даланың саф таза ауасымен араласып келіп жатқан – шала оттанып, бықси жанған шөп-шаламның, қидың, көңнің исіне елтіп отырғанымыз әй, бір естен кетпес, тамаша сәттер еді ау, шіркін!..

Біраз сергіп, мауқымызды басқан соң: «Үйдегілер іздеп қалар, ұят болар», деп ауылды бетке алдық. Алақанда алақан, қол ұстасып, жұп болып қайттық. Қыздың есігінің алдына келген соң, қоштаса алмай біраз тұрдық. Үн жоқ, түн жоқ. Тіл қатарлық сөз, әңгіме түгесілген сияқты болғанмен – айтылмаған сыр да көп еді. Тұрып-тұрып, болмаған соң қайта отырдық. Әтештер шақырып, таңның жақындығын білдірсе, салқын ауа ағысы денені біртіндеп тоңдыра бастаған сыңайлы. Сонда да, қайтпай біз отырмыз. Сол қолымды, алақанымды ұстап отырған Бағила: « – Сіз, неге дірілдеп отырсыз?», дейді. « – Жәй, әншейін. А, Сіз де дірілдеп отырсыз ғой», дедім мен де. Осы сәт бір-бірімізді тарс құшақтап алдық. Көз жұмулы, көңіл мас. Өзім өз болып, алғаш қызды сүйген сәтім де осы. Дене бір ысынып, бір суып, отырған үстіне отыра берсек деген жалғыз тілектен үмітті едік.

«Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы, тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін

Патша тағы, бүкіл дүние малына.

 

Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,

Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.

Бой шымырлап, талықсиды жүрегім,

Балқып денем, барам еріп  деміңнен.

 

Кір қойныма, қыпша белің бұралып,

Тарқат шашың, жатсын жібек оралып,

Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс,

Көз жұмулы, жиі ыстық демалып.

 

Шашың – қара, денең – ақ бұлт, жүзің – ай,

Тісің – меруерт, көзің, сәулем, құралай.

Ләззат, рақат, бақыт – бәрі қойныңда,

Сұрамаймын енді жұмақ – жақсы жай!

 

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы, тәтті у тарады қаныма.

Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:

Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!».

Шолпан туып, таң сібірлеп атып келе жатқанда болашаққа сөз байластық, «жұбымыз бір болсын!» дестік. Осы сөз, осы сезімді қанағат тұта таңды атырып, үйге қайттық. Ертесіне мен жолға шықтым. Артынша, оқуға түсіп, студент атандық.

Бағила, жеңгем арқылы сәлем жолдаған екен... Арманымыз да, мақсатымыз да бір болған соң қайыра кездесуден үмітті болдық, тағатсыздана, сарылып ұзақ күттік. Алайда, еш реті келмеді. Мен келсем – ол жоқ, ол келсе – мен жоқ... Жыл аралатып, тұрмыс құрды!..

 

Таяқша – бес жұлдызды Көркем***** атты аруда!

6
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 20 желтоқсан 2012, 12:42
Тегтер: Гүлбағила, Романтика және Мен, Сүй, жан сәулем!

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.