жеке
блог

Эстафета. Жыл қорытындысы-2012

Жаңа Жыл да жақындап қалды. Осыған орай, әрқайсымыз жылды қорытындыласақ, кім өзіне қандай жаңалық ашты, қандай жерлерде болды. Қазірден ашып жатқан себебім, бұл қорытындыны бәрі жазғысы келеді, бәріне уақыт жетсін деген тілек. Эстафета таяқшасы тиген соң ғана жазуларыңызды өтінеміз және эстафетаны жаза алмайтын болсаңыз, хабарлап айтыңыз және кімге бергелі жатырсыз, соған ескертіп қойсаңыз екен. Ал, кеттік.

Жылдың цитатасы: Мен адамдарға сенбей өмір сүре алмас едім. Кейде, әрине, олар көңілімді қалдырып жатады. Бірақ бұл адамдарға сенімділік жоғалтуға себеп емес. (с) Ә.Елікбаев 

Жылдың ең үздік танысуы:

Бұрыннан танысқым келіп жүрген Айжан Табынмен, Викториямен, Данияр Аланмен таныстым.

Жылдың үздік тағамы:

Дүниедегі ең оңай жасалатын пирог

Жылдың үздік сусыны:

Lipton сусыны

Ең керемет күн:

Ең алғаш медитацияны дұрыс жасаған күнім

Үздік кеш:

Бурабайдағы Маржан, Әйгерім, үшеуміз сырласқан кеш.

Патиктің туған күні: Кинопати-К

Осы жылда ашылған қызығушылық:

Сильва әдісі бойынша медитация жасау, позитивті өмір сүру

Орындалған арман:

Samsung Galaxy S III – осы арманым орындалды ))

Жылдың ең үздік орны:

«Тюбетейка» мейрамханасы, «Сапфир» караоке-кафесі

Рухани өзіндік жаңалық:

Жалпы жаздан бастап өз-өзімді дамыту, рухани даму, өмір заңдылықтары сияқты тақырыптармен қызығып, түрлі психологиялық кітаптар оқудамын, түрлі вебминар, тренингтерге қатыстым.

Үздік әнші:

Adele


Үздік ән:

Adele – Skyfall, Set fire to the rain, Someone like you

Мадина Сәдуақасова – Ақ тілек

Үздік фильм:

«Девушка с татуировкой дракона»,

«Сәлем, рух!»


Үздік сериал:

1. «Қалай жағдай?» (Оңт. Корея)

2. «Күзей-Гүней» (Түркия)

3. «В эфире/On air» (Оңт. Корея)

Үздік актер/(актриса):

Пак Йоң Ха («В эфире»)

Кыванч Татлытуг («Күзей-Гүней»)

Уаң Бит На («Сколько стоит любовь?»)

Үздік кітап:

Валерий Синельников «Возлюби болезнь свою»

Элизабет Гилберт «Ешь. Молись. Люби»

Жылдың әсері:

Мәңгілік деген сезімдердің сейілуі, қоштасу.

Жылдың әділетсіздігі:

Жалпы өмір әділетті екеніне көзім жетті. Барлық әділетсіздікті өз ойларымызбен, ниетімізбен шақырып аламыз. Қазір осы принциппен өмір сүремін.

Ең керемет адам:

Айжан, Аида, Маржан, Мақпал, Әйгерім, Эльвира, Жазира, Жалғас, Ернар, Нұрберген.

Жылдың сыйлығы:

Айко мен Айжан Табынның маған сыйлаған брелоктары, мелочь, а приятно )))


Керемет жаңалық:

Інім 7 жылдық медициналық университетті бітіріп, резидентураға түсті, жұмысқа тұрды, үй салдық.

Жыл өкініші:

Анамның ауыруы (тфә-тфә, қазір жақсы болды)

Жыл шытырманы:

Бурабайда, шипажайда жалғыз қалуым және Астанаға жалғыз баруым.

Эстафета жалғасын Ардаққа беремін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
РОБИНЗОННЫҢ ПРОТОТИПІ КІМ?
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары