"Ақша қар" ойын жаттығуы

"Ақша қар" ойын жаттығуы
жеке
блог

Қайырлы күн. "Ақшақар" ойын жаттығуы бірлесе ойлауға,шешім қабылдауға, көшбасшыны анықтауға көздеген мақсатқа бірлесе жетуге бағытталған. Бұл жаттығуды балалармен жастар ұйымдарының жас көшбасшылары,класс оқушылары, пед ұжыммен,ата-аналар жиналыстары,семинар, тренингтер кезінде қолдануға болады. Қажетті заттар: жіп,карандаш,бос шырын ыдысы. Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. 14 қатысушы болса 7 бөлік 2м жіп керек. 12Топқа берілетін тапсырма: Құрметті достар, сіздер мына жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді. "Жіптік курстың" ұстанымы  "Бірлік бар жерде тірлік бар"