Сезімім сенімім...

Сезімім сенімім...
жеке
блог

Бір  жарық  сәуле...

Aйналам  менің қаранғы  түндей  бұлдырап,

Ақ жарық  сәуле биіктен  келеді құлдырап,

Жылт етіп ғана  көрінер бір  сәт  көзіне

Жұлдыздай  ғана  жарығын кетті   жылтырап...

Елендеп  қалдым , үмітім  сөнген  оянды,

Жалт  еткен  сәуле , жаныма  қарай  таянды,

Жүрегім  құрғыр  тербелді ғашық  сезімге

Қалқан  қып жүрер,  аңсаумен  көңіл саянды...

Үмітім  сені  тек  жақсылыққа  қияды, 

Сезімнің  гүлін  өзіне  ғана  жияды,

Сөнбейді  үміт,жанымда  сәулем  сен барда

Сыйлаған  сезімін көңілге  еркін  сияды...