Ұжымды топтастыруға арналған тренингтер, психологиялық ойын, жаттығулар

Ұжымды топтастыруға арналған тренингтер, психологиялық ойын, жаттығулар
жеке
блог

Құрметті сайт қолданушылары. Массагетке жаңадан тіркеліп араларыңызға қосылып жатырмын. Сайтпен бұрыннан таныс болғанмен тіркелмеген едім. Бүгін міне 1 жасқа толған сайт өзіне ерекшелігімен тартып алды десем болады. 

Тамаша сайт арқылы өзімнің ұжымды біріктіруге,көшбасшылықты анықтауға, семинарлардың қызығушылығын арттыруға,шығармашылықты байқау мақсатында өткізген ойын,жаттығулармен бөліссем деймін. Ұжыммен жұмыс істеп жүрген әріптестеріме көмегін тигізеді деген ойдамын.

Сіздер "Жіптік курс" дегенді естулеріңіз бар шығар. Бұл ұжымдық ойын бағдарламасын өзіңізге  ынғайлап кез келген жерде ұйымдастыруға болады. "Жіптік курсты" кез келген ұжыммен, мектеп ұжымымен, оқушылармен тіпті Массагеттің мүшелерімен де өткізуге болады. Ойын жаттығуларынан өту арқылы ұжымның бірлігі,ынтымағы, кез келген қиын істен мақсат қойса ұжыммен жетуге болатынына көздері жетеді. Келесі жазбаларымда "Жіптік курсқа" толық анықтама беріп, ойын жаттығуларына жеке-жеке тоқталатын боламын. әзірге фотосуреттерін ұсынамын. Сонымен қатар ұжыммен танысу,топ жұмысын қортындылауға арналған тренигттерінде ұсынсам деймін. Қазақ тілінде психологиялық ойындар, әдіс,жаттығулар өткізіп жүргендеріңіз болса ой бөлісуге шақырамын.                                                                                "Ақшақар" ойын жаттығуылабиринтсенімбіздін әлем