Құттықтау!

Құттықтау!
жеке
блог

Құрметті массагеттіктер, портал оқырмандары!

Тәуелсіздік туған күн құтты болсын! Бұл мереке біз төртеуміз үшін басқа қызыл даталардан маңыздырақ екенін мұның алдында да айтып кеткенбіз. Сол үшін де алғашқылардың бірі боп құттытағымыз келді.  Мейрам құтты болын!!! Бақуатты, бақытты халқы бар гүлденген, бірлігі берік империяға айналсын Қазақстанымыз! Ура! 

 "Қолымызға қалам ұстатқан" екінші себеп осы Массагеттің мерекесі.

«Келіннің бетін кім ашса - сол ыстық» демекші Массагет біз жайлы алғаш мәліметтер беріп, сұхбат алған портал болғандықтан біз үшін орны ерекше. Және де ең бастысы еліміздің Әнұранын орындап, порталдың ашылған сәтінде атсалысқан болатынбыз. Содан бері де аттай бір жыл өтіпті. Тіпті, біздің Тәуелсіздік күніне арнап Ғазизаға берген сұхбатымыз редакция таңдауымен ең үздік материалдар бірі деп танылып қайта ұсынылып отыр екен. Ол үшін қуаныштымыз! Тұсаукесер тойларыңыз құтты болсын! Ғұмыры ұзақ, берері мол портал болуына тілектеспіз!!!