Тәуелсіздік-ұлттың ұлы мейрамы

Тәуелсіздік-ұлттың ұлы мейрамы
жеке
блог

    Тәуелсіздік дегенде әрине, ең алдымен көз алдымызға ұлтымыздың сан ғасыр жүріп өткен жолы келетіні рас. Біздің ұлт не көрмеді өзі мына өмірде, талай бұралаң жолды басынан өткізді, небір зобалаңды көрді. Бірақ біздің ұлт ешқашан да мойыған жоқ, қайта керісінше басына тап келген қандай қиыншылық болмасын оны жеңуге тырысты, және жеңді де.Тәуелсіздік бізге әрине оңай келген жоқ, ата бабаларымыздың өлшеусіз маңдай терінің, үлкен даналығының, болашақты болжайтын көрегендігінің арқасында келген болатын. Тәуелсіздік Тәңірден келген ұлы сый деп бір ақын ағамыз жырлағандай, айтса айтқандай Тәуелсіздік бізге тікелей Тәңірден келген ұлы сый және үлкен аманат. Бұдан асқан теңеуде жоқ.                                                                                                                                                   Қорытындылап айтқанда, енді біз Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қорғауымыз керек, қастерлеуіміз керек. Бабалар аманатына адал болуымыз керек. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз баянды болады. Ендеше ағайындар, бауырлар осынау келіп жеткен Тәуелсіздік мейрамы баршаларыңызға құтты болсын, отбасы кішігірім мемлекет деп атасақ, ендеше осы кішігірім мемлекетімізде бақыт, береке, ауызбіршілік болсын, ал үлкен Отанымызда әрине ең алдымен тыныштық болсын, бейбітшілік болсын, халқымыз аман болсын, жеріміз бай қуатты болсын деп тілейміз.