жеке
блог

Әлемде талай қызық бар!

         Ең алдымен Массагет туылған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын! 16 – желтоқсан күні екі мерекені бірдей қарсы аламыз қандай керемет! Тәуелсіздік  алған күнімізбен қатар массагеттің туылған күнін тойлаймыз! Массагет өмірің ұзақ, ісің оң болсын! Әрқашан халқыңды осындай қазақша жаңалықтармен, керемет табыстарыңмен қуанта бер! Осы сайттың ашылғанына біз өте қуаныштымыз!!!

Енді сіздерге әлемдегі қызықтар жайлы қысқаша жазып өтейін:

-          Ең ұзақ есім: Хумананоджасваматашетаргандас;

-          Адамның асқазанынан шыққан заттар: Асқазаннан шыққан әр түрлі заттардың көптігі жөнінен әлемдік рекорд 1960 жылы АҚШ-та жасалған көрінеді. Сол жолы бір емделушінің асқазанынан 258 ұсақ-түйек затттар шығыпты, соның ішінде: 88 монет, тырнақ қырнайтын 39 егеу, 26 кілт және үш таспиыққа жетерлік ұсақ моншақтар шыққан екен;

-          Алып ара: Индонезияның қалың ормандарында алып ара тұқымы табылды. Америкалық бір газеттің жазуына қарағанда, араның ұзындығы 5 см. Бір қызығы ол термиттермен бейбіт қатар өмір сүретін көрінеді.

-          2011 жылы әлемдегі ең қарт адам ретінде енгізілген Гиннес рекордтар кітабына енгізілген американдық Бэсс Купер 116 жасында көз жұмды.

-          Әлемдегі ең үлкен сағат - Исламның ең қасиетті қаласы - Меккедегі сағат. Саудия елінің Бас сағаты әлемдегі ең үлкен сағат атанып отыр. Сағат тетігі орнатылған мұнараның биіктігі - 601 метр. Былтыр іске қосылған бұл сағаттың төрт циперблаты дүниенің төрт бұрышына қаратып орналастырылған.

-          Әлемдегі ең қымбат кітап - ұлы суретші Леонардо до Винчидің «Лестерский кодекс» атты еңбегі.

-          Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)

-          Әлемдегі ең кішкентай аттың бойы-43см.

-          Әлемдегі ең кішкентай жыланның ұзындығы-10см.

-          Әлемдегі ең үлкен ит-АҚШ-тағы Геркулес есімді ит.96см, салмағы 128 кг.Бар болған үш жастағы ол өзі секілді иттерден өте ірі және ауыр.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі