Такси қызметіне алғыс айтасыз ба?

Такси қызметіне алғыс айтасыз ба?
жеке
блог

   Бір тақырыпты сол кісілерге арнайын деп ойладым. Яғни, қазір "дәуірлері" жүріп тұрған такси қызметі туралы. Қай жағынан болса да дәуірлері жақсы. Олардың қызметі қай жерде де өтімді, сұранысқа ие. Соңғы кездері такси қызметіне көп жүгінеміз. Қала арасында болсын, ұзақ сапарға жиналсақ та такси жүргізушілерін іздейміз. Таразға көп барамын іс-сапармен. Ауыл мен Тараз қаласының аралығына қатынайтын санаулы таксисттер бар бізде, телефон номерлерін жатқа білмесем де, нөмірлері "алтын" әріптермен жазылып тұр телефонымда. "Орын жоқ" демеген таксистке "Сізге сенемін, қалып қалмайыншы" деп жалынып тұрып, ескертіп қоясың. Адамдары көп болса шіреніп қалады-ей). Сосын қай қалаға барсаң да, керек жеріңе (қуыс-қуыс, жердің бір жері болса да) мекен-жайыңды айтсаң болды, темір тұлпарын зуылдатып тұрып жетіп келеді. "Қайтып табам ол жерді" - деп салымың суға кетіп үйден шыққанда, таксист жеткізген кезде рахметіңді жаудырып (тегін әкелгендей), мәз болып қала бересің. Менде осындай жағдайлар өте көп кездеседі. Сол кезде таксисттерге қаншалықты риза болатынымды "сөзбен айтып жеткізе алмаймын" деп артық кетсең ба). Шынымен сол кісілердің құрметіне бір жазба арнамасам деп жүргем. Мәз болып қаламын жақсы таксисттерге жолықсам. Жақсы таксисттер деп бөліп айтуым, әрине барлық адам бірдей емес. Біреулері болады сені желкелегендей көлігіне отырғызып, ақшаңды алғанша зырылдап, келіскен жерге дейін жеткізбей, "әні анаау тұрған жер ғой, ары қарай бұрылсаңыз болды" деп сан соқтыратын. Әсіресе түн мезгілі, жауын-шашын сияқты өте қажетті мезетте шалқая қалып, екі есе құн сұрап, күнде беріп жүрген ақшаңа күліп қалады. Осындай таксилерге жолығып, "жем" болып жүремін әйтеуір. "100 теңгемен такси деген ағылып жатыр" деген жерге 1000 теңгемен барам, болмайтын жерде ұяттан қысылып. Жарайды, олардың күнкөрісі осы шығар десем де, үйге шағымданып келемін таксистке қисынсыз мынша теңге бердім деп. Мен арнайы такси қызметін атқаратындар туралы айтып отырмын. 

Өткен жолы Астанада бір көлікке отырдым, жол жөнекей "таксовать" етіп жүрген кісі. Баратын қонақ үйдің атын айттым, мекен-жайын білмеймін дедім. Бірталай жер жүргенен кейін тағы бір кісі тоқтатты жаңағыны, соны мінгізіп алып, маған "Сіз баратын қонақ үйді білмеймін, осы жерден түсіп қалыңыз" дегені бар емес па, өзім қақпай жүрген Астананың айқыш-ұйқыш көшелерінің біріне апарып. Есесіне, таксисттер керек жерімнің бәріне адастырмай апарды, айдалада түсіп қалып, сәл-сәл қорыққан ауылдың аңқау қызын. Сол кезде көңіл шіркін асып-тасыған)...

Сосын Бурабайға барғанда "Абылайхан алаңына" дейін биікке велик айдап шығамыз деген жігіттермен ілесіп, велик тептік. Биікке қарай алқынып, қара терге малынып, аяқ "отказ" беріп жатса да намысқа тырысып, діттеген жерге жеткен соң, қайтарда великті таксиге салып қайтам деп шештім. "Велигіңді ешкім салмайды көлігіне" деген жігіттердің сөзі тура келер ме екен деген қорқынышпен великпен қайтуға ешқандай шамам жоқ деп жыламсырап тұрғанда, келе қалған таксистті Құдай айдап келді ғой деп мәз болдым. (Таксисттер өте аз ол екі ортада).

Көп қызықтар есіме түсіп, жазба қалдырайын деуші едім, қазір діңкелеп қалдым.

Сондықтан көмегіне көп жүгінетін осы қызмет түрінің қызметкерлеріне ресми түрде алғыс жариялаймын, алғыс немесе "қарғыс" айтушылар бар деп ойлаймын!))