Өкіну немесе құдайға өкпе

Өкіну немесе құдайға өкпе
жеке
блог

Аллаһ Тағала адамның мінезін жатырда жатқанда-ақ бекітіп бере ме екен, әлде уақыт өте келе қалыптаса ма? Бәлкім,тақырыпты оқып Аллаға арыз айтады екен деп ойлаған шығарсыз. Әсте олай емес. Адам болып, қазақ болып, Абай болып туылғаныма шүкір етемін. 

Кейде бойымыздағы мінездеріміз ұнамай кетеді ғой. Дәл қазір маған "қызғаншақтық" мінезім ұнамай жүр. Бала кезімізде үйге бөтен бала келе қалса, ойыншығымызды тықпыштаушы едік. Онымен бірге ойнасаң, машиналарың сынып қалатындай көрінетін. 

Жаңа жыл естеріңізде шығар. Аяз ата бір пәкетке толтырып, шоколад, мандарин береді. Сыйлықты тауыспай үйге келгесін аға-әпкеңмен бөлісіуің керек. Міндетті емессің, алайда, тәрбие солай. Іштей бауырларыңа бергің келмейді. Қызғанасың. Бір бөлігін беріп тұрып, үлкені кетіп қалмады ма деп қарап тұрасың. 

Балалық шақ өз уақытымен қызық қой. Өтеді, үлкейгенде жақсы хатыраларымен есте қалады. Әйтсе де, сол мінез ес біліп, етек жеңімді жинадым дегенде мазаласа жаман екен.

Мәселен, мен біреуге ғашықпын. Енді, оны бәрінен қызғана бастаймын. Тіпті, шектен шығып кетемін. Ең әуелі бұрынғы жігіттерінен қызғанамын. Былайша алып бара жатқан түгі жоқ мұның. Біртіндеп оған қырындайтын жігіттерден қызғана бастаймын. Егер оның өзіңді жақсы көретін білсең қызғанбауға болады ғой. Алайда, мен қызғанамын. Сәл уақыт өткесін группасындағы, класындағы ұлдар қызғану басталады. Досының біреуімен күліп сөйлессе, менің миымдағы бір нейронның жаны жаһаннамға кетті дей беріңіз. Сонда, ол достарымен сөйлеспейтін мылқау болуы керек пе? Өзімді осылай қайрасам да қызғануымды жалғастыра беремін. Ақыр соңында күннен, судан, ауадан, киген киімінен қызғанамын. Бұл енді нағыз қорқыныштысы. Шектен шығу осы шығар. Әйтпесе, дені дұрыс адам заттардан ғашығын қызғана ма?

Ал, сосын негативке толы күндер басталады. Ақыл айтуға оңай ғой. Осы мінезімнен құтыла алмай-ақ қойдым.

Уфф, жүздеген нейронның күрішін жедік. Енді, осымен қайтайын үйге)))

Қызғаншақтық