Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Махаббат және Жұлдызнама

Махаббат және Жұлдызнама

Махаббат және Жұлдызнама

Махаббат күші – тылсым күш. Оны өлшемге салу мүмкін емес, оны тек қана сезуге болады. Антропологтардың айтуынша махаббаттың биологиялық түсінігі бар. Ол – эволюцияның қулығы. Табиғаттың механизмі. Ғашықтық сезімі адамның миына ықпал етеді екен. Соған қарағанда, махаббат – бірақ физикалық белгілері жоқ, ұстап көре алмайтын, иіскелмейтін не ішілмейтін тылсым күш. Ғашығын көрген сәтте махаббаттан басы айналған адамның алақаны суланып, белгілі бір физиологиялық белгілер байқалады. Ғашық болған күні адамның ішкі табиғаты өзгеріске енеді. Адам біреуге ғашық болса, басқа жанға дәл сол уақытта ғашық бола алмайды. Ғашық болу – айналадағыны көзге ілмеу, басқаларды қажет етпеу, өмірлік көзқарастарды өзгерту. Осының бәрі тылсым күштің әсерінен. Ғашық адамның көз жанары мөлтілдеп, жұмсарып, бетінде белгісіз жымиыс пайда болады. Ғашық адам ессіздікке енеді. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі, бар болмысы байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдердің көрінісі ретіндегі жан-күйі. Бірақ, махаббат тек рахаттан, қуаныштан, әсемдіктен, жеңістен, т.б. кілең жанға жайлыда, жағымды нәрселерден тұрады екен деп ойлауға болмайды. Онда азап – рахат, қуаныш – қайғы, қорқақтық – батылдық, ыза мен өшпенділік сияқты сезімдер шарпысып жатады. Оның қайғысы мен қуанышының алабөтен болатыны сондықтан.

Махаббат – адамға мына дүниені тәрк еткізер, баз кештірер, барлық адамгершілік құндылықтар мен моральдық принциптерге негізделген этикадан, қоғамдық құрылымдар мен шарттылықтардан, заңдылықтар мен кездейсоқтықтардан бас тартқызар бір сезім.

Қазақтың махаббаты, қазақтың сүюі деген не? Қазақ қалай сүйеді? Оның махаббат періштесі не? Ескі аңыздар мен жырлардағы махаббат баянында қазақтың сүюі бағышталатын «тұлғаларды» үшке бөлінеді:
үр қыздары, пері қыздары;
рулық қатынастары, ру арасындағы қарама-қайшылықтар тыйым салатын ғашықтық және хан қызына ғашық болу;
ата-ана таңдауы.

Махаббат баянының бүгінге жетуі, олардың бір-біріне соншалық ғашық болуының артында «тыйым салыну», «рұқсат етілмеу», «шын ғашықтар қосылмайды» секілді қарғысқа бара-бар түсінік бүгінге дейін өмір сүрді. «Сен менің тағдырымсың», «Мен саған көрмей тұрып ғашық болғанмын», «Мәңгілік сүйемін» деген секілді ғашықтық тіркестері кездейсоқтық секілді көрінгенімен, оның тағдыр болуы да мүмкін. Ол, бәлкім заңдылық. Қазақ ғашықтығы – «өзгеге арналған нәрсе». Қазақтың сүюі – ішкі құпия, «өз ішіндегі нәрсе».

Сонымен, біздің үш тұлғаға бөлген махаббат хикаяттары үш негізді көрсетті:
сұлулыққа ғашықтық (пері қызы туралы аңыздар);
тыйым салуға қарсылық, яғни махаббаттың, аса күшті сезімнің еркіндікте туылмайтындығы;
саналы таңдаудың баяндылығы («Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық»).

Қазақ жастары осы үш ұғыммен өмір сүріп келеді: сұлулық, қарсылық, таңдау. Ал қыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан белгілі. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.

Жұлдызнама - бұл ғаламшарлардың, Күннің, Айдың жә не жұлдыздардың бір нақты мезгілдегі өзара орналасуының сызбасы. Бірақ ежелгі ғалымдардың жазбаша деректерінен сол белгінің қайда орналасқаны жайлы деп айтылады. Өзінің жұлдызнамаңды құру үшін адамның нақты туған уақыты мен туған күнін білуі керек. Екеуінің арасындағы өзара байланыстылықты тапқан соң, астрологтар оның келешегін болжай алады және аспан құбылыстары арқылы оларға кеңес бере алады. Жұлдызнама арқылы адамның туа біткен қабілеттері мен мүмкіндіктері мен өмірінің жағдайлары ашылады деп айтылып жүр. Тіпті, адамның өмірінің жағдайлары айқын көрінеді. Махаббат пен отбасы жайлы толық мәлімет береді. Сол сияқты екі адамның қарым-қатынасын сипаттайды деген. Махаббат жайында жұлдызнамамен келісуге бола ма? Әлде, бұл санамызды уландырып, адастырудың тағы бір айласы болар. Ойланыңыз.


 Махаббат – рахат, қуаныш, батылдық сезімдерді ұялатады. Солай ма?
«Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дегенмен қазіргі жастар келісе бермейді. Неге?
Жұлдызнамаңыз бойынша өмір сүресіз бе? Бұл шындық па? Әлде адасу ма?<

2
Рейтинг: +1

Автор: Nurbek ----
Жазылған уақыты: 04 желтоқсан 2012, 20:08
Тегтер: Жұлдызнама

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.