Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / 4 желтоқсан - Информатика күні

4 желтоқсан - Информатика күні

4 желтоқсан - Информатика күні

     Бүгін – Информатика күні. Бұл атаулы күн 1948 жылдың 4 желтоқсанында аса дарынды ғалым И.С.Брук пен жас инженер Б.И.Рамеевтің «Цифрлық электронды есептеуіш машинасы» атты бірлескен жобаларының өнімін халық шаруашылығында қолдануға құқық беретін сол кездегі Кеңес Одағы Мемлекеттік комитетінің ресми тіркеуінен бастау алады. Сіз бен біздің осы күнгі «ақылды» машинаны тізгіндеп отырғанымыз да осы информатиканың ғылым ретінде мойындалуында деп топшылауға болады. Информатика жеке ғылым ретінде 1970 жылы ғана жеке отау тікті. Оған дейін математика, электроника сияқты техникалық ғылымдардың құрамында «қызмет» еткен. Дүние жүзінде алғашқы информатика факультеті АҚШ-тың Индиана штатында орналасқан Пердью университетінде ашылған.<

     Қазақ елінде информатика пән ретінде 1985-86 жылдардан бері оқытылып келеді. Сол кездегі дара оқулық – А.П.Ершовтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» болған еді. <

   Бүгінде информатика пәні тек компьютермен жұмыс жасауды үйретумен ғана шектелмей, әмбебаптық сипатқа ие бола бастады. Информатика өзінің басты зерттеу нысаны ретінде есептеу теориясы мен жасанды интеллект, алгоритмдер, мәліметтер құрылымы, қолданушы интерфейсі және программалау тілдері мәселелерін қарастырады. Математикалық логика басты мәнге ие. Бірнеше қолданбалы салалары бар. Атап айтқанда, биоинформатика, хемоинформатика, экономикалық информатика, геоинформатика, бизнес-информатика.<

   Барша информатик достарымды, әріптестерімді, шәкірттерімді мерекелерімен құттықтаймын. Әмәнда толайым табысқа кенеліп, еңбектеріңіз жана берсін!!!  <

 Эпилог орнына<

 <

    Жеке өзімнің информатикаға деген қызығушылығым он үш жасымда басталды. Оған дейін жазушы болуды армандаған мен, әкемнің «УКНЦ» деп аталатын «Электроника МС 0511» оқу компьютерінде түсініксіз бір тілде программа құрып, әлдебір пернені басып қалып, қағаз бетіне сурет сызып бергенін көргенде, осы техниканы меңгеруге деген құлшыныс пайда болды. Сол сәттен бар аңсарым компьютерге ауды. Кейінірек жедел жады бар-жоғы 64 КБ құрайтын 8 разрядты «Корвет» компьютерлері келді. <

  Осы ынтамды әкем байқады ма екен, олимпиадаға қатыстыруға шешім айтты. Тоғызыншы сынып оқушысы үшін оныншы сыныптың атынан (ол кезде тоғызыншыда информатика оқытылмайтын) олимпиада аламанында облысқа дейін жету деген – үлкен мәртебе. Міне, сол мәртебе төрінде жүріп, өмірдегі алғашқы жеңістеріме информатика арқылы жетіп, осы мамандықтың студенті атандым. Тәубе, бүгінде талай шәкіртке информатика ғылымының қыр-сырын үйретіп, оқытып жүрген маманмын.<

  <

23
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 04 желтоқсан 2012, 00:38
Тегтер: мереке, информатика, есептеуіш техника, кибернетика, логика, программа

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.