Жаңа жыл

Жаңа жыл
жеке
блог

Жақында жаңа-жыл емес – жаға-жұл басталады. Масайған жұрт бір-бірінің жағасын жұлады. Білесіз, ол – 1 қаңтар.  «Исаның туған күні» деп кәпірлер бекіткен мейрам. Бірақ, Исаның туған күнін солардың өздері де нақты  білмейді. Алла-Тағалам өз құдіретін білсін деп, барлық өсімдік, шөп атаулы сарғайып кеткен қақаған қыста шыршаны жап-жасыл кейпінде қалдырған. Сол шыршаны шайтан ой салып, адам баласына өз қолымен кескізіп, жаңағы «туған күнге» пайдаланған. Оны кескізудегі мақсат – Аллаһтың шеберлігімен жыл он екі ай жасыл кейпін сақтайтын шыршаға қаскүнемдік жасау. Шайтан жылына 6 миллиард шырша кестірсе де шыршаны жоя алмайды. Бұл – Аллаһтың құдіреті.

Ұрпағын алдау-арбаудан шаршамайтындар шыршатой кезінде не жасамайды дейсіз? Бір ғажабы, осы «мейрамның» насихаты өте күшті. Теледидарға үңіле қалсаңыз бүтін әлем тек шыршаның төңірегінде, аяз-атаның айналасында жүргендей сезіледі. Жоққа нанып, өтірікке мәз болған бір жұрт. Тәтті торттың үстіне шырақ шаншып, сол шырақты бала-шағасымен жабылып, күшеніп үрлейді келіп. Ақыры өшіріп тынады. Ал, соның қандай ишара екенін ойлап көрдіңіз бе?  Ол дегеніңіз, лағынеті шайтанның: «Бақытты, тату-тәтті, шалқыған шаңырағыңның отын осылай өшірем!» дегені емес пе. Сұмдығы сол, осы жаман әрекет қазақтың  той-томалағында алдымыздан жиі шығады.
Әттең… Жаңа-жылды орыстардың өзі «Қаралы күн» (траурный день) деп атаған. Осы «мереке» күні қанша адам араққа мас болып, жанұясының берекетін алып, ұрып-соғып жәбір көрсетеді? Қанша кісі жол апатынан өліп, қанша бала жарылғыштан өрт шығарады? Қанша араққор  аязға үсіп өледі? Қаншасы зина жасап, қанша қыз зорланады? Бір-біріне өкпелеген махаббаттар  дарға асылып қорланады, қанша жас  қырғын төбелестен көз жұмады, ұрлық жасайды, қаншасы сотталады? Қысқасы, зұлымдық атаулының бәрі дәл осы күні өршіп кетеді. Соны есептеген сарапшы-экспорттар бұл күнді «қырғын-күні» деп атаған екен. Төменгі есеппен әлем бойынша осы «мейрам»  күні жарақаттанғандарын санамағанда 1 миллионнан астам адам көз жұматын көрінеді. Сондықтан, осы сәтті ібілістің әскері асыға күтеді. Бірақ бұл күн – Аллаһтың қаһарын туғызатын күн. Сондықтан мейірімсіз мейрамға алданып, миғұла маймылдың әрекетін жасаудан сақ болыңыз! Одан да бұл күні көп намаздар оқып, сансыз истихфарлар айтып, елдің тыныштығын тілеп ғибадаттан бас алмаған абзал!