Өмірдің барлық сәтсіздіктері - бақытсыздық емес

Өмірдің барлық сәтсіздіктері - бақытсыздық емес
жеке
блог

     Аялдамадан әлі алыста келемін..Маған керек автобус жүргелі тұр...Әрине, ол жүріп кетті...Үлгермедім...Үлгермегеніме іштей сәл қынжылдым...

                                               ***

    Құрбымның туған күнінде болдым. Әдемі тілектер айтылды. Осындай керемет көңілді отырыстың мен де қонағы едім. Қуанып отырмын...))

                                               ***

   Автобусқа дұрыс емес отырып алыппын. Басқа көшеге бұрылды да кетті. Адастым. Бейтаныс көшеден амалсыз түсіп қалдым. Өз-өзіме ызаланып тұрмын, сұрап мінбегенім үшін..((

                                               ***

   Досыма хабарлама жазғалы отырмын. Дәл  сол мезетте  одан бірінші хабарлама келді. Жымидым.)) (Әрине, досыма айтпадым мұны:)))

                                               ***

    Ашуланып отырмын. Білмеймін, кімге, неге? Ешкім хабарласпаса екен. Ашуланып отырып, ешкімді ренжітіп алмасам екен деп ойладым...

                                               ***

    Аялдамаға келдім. Маған керек автобус келе қалды. Ішіндегі адам саны саусақпен санарлық.  Құлағымды наушнигіммен тығындап, радионы қостым.  Маған ұнайтын әндер... Көңіл пернесін дөп басады.. Өзімді бақытты сезініп келемін...))

                                               ***

     Сабақ басталуына аз қалғанда тапсырманы орындап отырмын. Бәрін тез бітіремін деп ойладым. «Сохранить изменения?» деп сұраған компьютеріме «нет» деп қалай тез жауап бергеніме таңғалдым. «Нет» так «нет» деген болар ол! Ал мен.. мен үстімнен біреу мұздай су құйып жібергендей болып отырмын.((( Енді, олай етпегенде ше? Қайран, сол жұмысым! (негізі маңызды жұмыс еді) Қатты ішім жанды. Шыдай алмадым, жыладым! Өз-өзіме ыза болдым! Ал қазір сол есіме түссе, күлкім келеді.:))) Басыңызға түспесін.))))

                                               ***

     Күнделігіме «бір адамнан қатты көңілім қалды, неткен екі жүзді адам» деп жазыппын. Қазіргі күні ол жақын демесем де, жақсы достарымның бірі... Шамасы, кешірдім, түсіндім оны...

                                               ***

    Көше бойымен түзу жүріп келемін. Біреу «девушка, у вас сапоги разные» демесі бар ма? Ааал, содан, не етігіме, не төменге қарай алмаймын. Іштей қорқыныш та жоқ емес, барған үйдегі біреудің етігін киіп кетпедім бе деген. ))) Бір жағынан, жолдағы еріккен біреу шығар деген бір ойым бар.)) Шамалы жүрген соң...Уффф, өзімдікі екен, ЕКЕУІ де! =)))  (Еріксіз күлкім келді)

                                               ***

  Уайымдап келемін, құлап қалмасам екен деп..Тасбақалар менен әлдеқайда тез жүретін шығар.))) Дәл қазір менде тек бір тілек бар, қардың бәрі еріп кетсе екен...

                                               ***

   Ішінде ине шаншар жер болмаса да, «живая музыка, пустой салон» деп автобустың кондукторы адамдарды шақырып әлек.)) Маған да осы автобусқа отыруға тура келді. Көңілді кондуктор екен өзі, әндетіп келеді. Осындай көңілді адамдарды көрсем, риза боламын. Ашуланып, долданып тұратындарынан мың есе артық! (Как будто адамдардың оларға 1000теңге қарызы бардай:))

                                               ***


   Барлық нәрсенің ойдағыдай бола беруі мүмкін емес. Тіпті, бәрі ойдағыдай болып келе жатыр деген күннің өзінде аяқ астынан сәтсіздікке ұшырауымыз заңды дүние. Сәтсіздік , ол тіпті, ұсақ-түйек болуы да мүмкін. Сол себепті де, адамдардың сезімі, көңіл-күйі, «ішкі» рухани жағдайы әр кезде әр түрлі. Біреу, мүмкін, қуанып отыр, біреу мүмкін мұңға батып жүр... Меніңше адамдардың сәтсіздіктері өткінші! Сондықтан, көздеген мақсатыңызға қол жеткізу үшін, мойымаңыз, берілмеңіз, өз бақытыңыз үшін күресе біліңіз! Күліңіз, қуана біліңіз! Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес, ендеше!

ЗЫ:  Бәрі жақсы болады!!!)))