Хат

Хат
жеке
блог

Поштамды   ақтарып   отырып   саған   жазған   хаттардың  үстінен   түстім....    Байқасам   сенің   поштаңды   да   біраздан   шимайсыз   калдырыппын.    Жапырағымен   қоса   мені   де   сарғайтқан   күз   де   артта   қалған   екен   ғой!!!   Алматы   тағы   да   ақ   қарға   оранып   жатыр...    Екеуміз  де  осы  қала  аппақ  боп  жатқанда   кездеспеп  пе едік?!    Уақыт-ай...   Мен  сені  қалай  сағындым  деші...   Көктем  қол  бұлғап қалды...   Жаз  да  жадыратпады...  Күз  көңілсіз  етті  мені. Қыс...  Қайтер екен?   Қар  жауса  жауа  берсін  далаға...  Калаға!!!   Тек жүрегіме   жаумаса  екен.   Әйтсе  менің  мына  жұдырықтай  жүрегімді аяз  қарып,  сені  бір  күн  артық  ойлаума  мүмкіндік  бермес.   Мен Құдайдан  соны  тіледім!
 Бірнеше   күн   өтті...   Белгілі  автордың   мистикалық  шығармалар жинағын  оқи   бастадым.   Ғажап!!!!    Енді  мен  мүлде  басқа  әлемге ауысып   кеткем...   Баяғыда...    Менін  бала  кезімде  әкем  оқып  беретін ертегілер  әлеміне. Сондағы  перінің  қыздарын  ұнатып   қалғам...   Сол пері қыздары   жайлы   айтылса  болды   сен  түсе  қаласың   ойыма.   Жалған емес.  Шынымды  айтып  отырмын!!!
Бала кез демекші... Мен  сол  балалықты  да  сағынғам.   Әкем мен шешем  мені  елден  кем  қып  асыраған  жоқ.   Ол  кездің  тұрмысы  солай болса,  оған  кімді  кінәлай  аласың?    Қарын  тоқ   болғанымен  киер  киім  де  аздау  еді  ғой...  Шешемнің   қолдан  тіккен  киімдері-ай!!!   Тізесі жамалған  жыртық  шалбарлар  да  сол  балалық   тәтті күндердің   ерекше белгісі боп  қалған.  Қаншама  тер  төгілді?   Бас  ауырып,  балтыр сыздады...   Маңдайдан  күн  өтті...  Шабылған  кетпенмен  күректен қанша  алақан  ойылды.   Арқамызға  қап  арқалап  анам  екеуміз  бір  уыс бидәй  үшін  қаншама  масақ  тердік....   Бәрі  де  өтеді  екен.   Кей кезде сол күндерімді  ойлап  Жаратқанға  шүкірлік   етем.
Кейде ойлаймын...  Менің олеңге деген кұмарлығым сонау бала кезгі батырлар жыры мен  қиссалар, бәйіттер  оқылатын,  ертегілер айтылатын  жарығы  болмашы  керосин  шамның  түбінен басталды ма деп?!   Мүмкін солай да шығар?  Кім білсін...
Сен неге жоқ  боп  кеттің, күнім?   "Онда біраз қадіріңізді арттырып алыңыз" - деп жазғаның  бар  еді....  Таң  қалғам.  Саған күнде шалған коңырауларыммен жазған хабарламаларға бола қадірім азаяр деп ойламаппын да.  Қызық қой!!!  Коңілім  қалғандай болғанымен өкпелей алмадым... Тағы. 
Көрмейін десем көзім бар... Сезбейін десем сезім бар...
Менің өмірімде сенен артық  біреу  табылғанша  мен сені ойлауымды  қоя  алмайтын шыгармын.   Артық  ешкім табылмайды  да.  Сен қанша тәкаппарланып  ақынды  көзге ілмеген сайын менін саған деген сагынышым арта түсетіндей...  Сенің  жанарыңдағы  тылсым  мұңды сезгеніммен, басымнам өткермеген кайғыға сен болып  қайғырамын  деп айта аламын ба?  Жоқ...
Қалайша екенін... Бүгін саған дәл осылай  ағымнан  жарылғым  келді.  Кездескенде де кібіртіктеп ештеңе айтпайтынымыз бар.   Қайдағыны  айтты деп сөкпеші...  Сенің де  менің- ақын жүрегінің  тылсым кұпияларын  білгеніңді  қаладым.  Бары сол...
Өзің  жайлы ойлар мені мазалауын доғарған  емес...  Сен оны білесің.  Біле тұра  білместікке  де  салынасың.  Қыз табиғаты солай  ғой...  Сені озгелерден ерекшелеп тұрған  да  сол  мінезің.
 Енді  қанша  күтер  екенбіз?  Алда....  Әйтеуір  екеумізді  бір кездесу  күтері   Һақ.   Сол жолы...  Сол  кездесуде  осы  бір  тәтті сезімдердің  нүктесі  койылар.    Қол  алысып... Тіпті  құшактасып достасып кетерміз.   Мүмкін...  Өткен  жолғыдай маңдайыңнан  құшырлана  иіскеп... Қия  алмасақ  та  қоштасып кетерміз!!! 
Нар тауекел!!!
 Сосын еш өкінбейік...
 Күнім!!!   Сені қатты сағынып  кетіппін...


                                         Сәлеммен   Ағаң.