Массагеттіктер, кездесейік!

Массагеттіктер, кездесейік!
жеке
блог

Сәлем, достар! Көптен бас қоспаппыз. 

Тәуелсіздік күнімен қатар келетін Массагеттің 1 жылдығына орай, кездесейік! Бас қосайық! Кездесуге Массагетті жандырып күнде бір блог жазатын белсенділерді де, мақалаларды оқып, жайлап қана шығып кететін белсенді еместерді де шақырамыз!)))  Қысылмай, келіңіз! 

Тағы да айтып өтейік, "Мен ол жақта ешкімді танымаймын ғой", "Ұяламын", "Не істеймін?", "Ыңғайсыз" деген сияқты сұрақтар мазалап жатса, қам жемеңіздер. Өйткені барлығымыз да басында кездескенде қысылып, ұялатынымыз бар. Алайда порталымыздың көңілді де, ойлы азаматтары ешкімді бөлмей, өз ортасына бауырындай тартуға дайын деп сенеміз!

Айтпақшы, Массагет ұжымының терлеп-тепшіп әзірлеп қойған тосын сыйы бар ))

Кездесу орны: 

"Венеция" Пиццериясы
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 87А, Абай даңғ. қиылысы.

4 желтоқсан (2012 жыл :))

Сағат: 19:30

Таба алмай жатсаңыздар, мына телефонға хабарласыңыздар: 
+7 702 444 86 75