Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қазақтың айтысы қайда?

Қазақтың айтысы қайда?

Қазақтың айтысы қайда?

   Бала кезімнен құдіретті өнердің төресі Айтысқа қалай құмар болғанымды білсеңіз, шіркін! 

    Қазақтың төл өнері Айтыс - делебесі қозған ақындардың шабытын шақырып, сөзінің атасын, қоғамның ащы шындығын, халықтың мұқ-мұқтажын дәріптейтін, сонымен қатар қыз бен жігіттің, аға мен қарындастың арасындағы махаббат пен мейірімділікті жеткізетін киелі өнер еді. Ия өткен шақта айтып отырмын.  

    Сонау Біржан мен Сараның айтысынан кейінгі керемет айтыс өнері біздің де балалық шақта болған. Себебі, мұндағы от ауызды ақындарымыз Аманжол Әлтаев, Әйбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Ринат Зайытов, Айтақын, Жандарбек Бұлғақовтар, марқұм Оразалы Досбосыновтар сондай-ақ нәзік жанды ақын арулар Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысовалар жанып тұрған жұлдыздар еді. Сол кездегі әр апта сайын телеарналардан берілетін айтыс басталғанда үйдің тірлігін тиянақтап, әңгіме-дүкенді жылы жауып қоя салып, әкемнің аяқ жағына сүйене кетіп тамашалайтынмын. Аманжол мен Айбек ақындар маңғазданып кеп, сахнаға жайғасқанда сүйектен өтетін сүбелі сөздері, қатты айтылатын сындарын күтесің. Солай болатын, әр ақынның ерекшелігі өзіндік имидждерін қалыптастырған. Сұлу сөздері  түрлі әннің әуенімен сарқырай беретін Ринаттың айтысу шеберлігі де залды дүр сілкіндіретін. "Екі иығын жұлып жеп", 220 вольттық тоқ ұрғандай (Айнұр Тұрсынбаеваның сөзі Айтақынмен екеуінің айтысында) Айтақын ақын ортаға шыққанда делебесі қозбаған көрермен жоқ шығар сірә. Осындай өнер иесінің ақын баласы, бала ақын болса да, бас ақынға тұратын Жандарбектің де өнеріне қол соқпаған қазақ жоқ. "Айхай-ахоу"-ын жүрекке жеткізіп, ордалы ойын орағыта жөнелетін Рүстем ақын айтыс өнерінде өз қолтаңбасын қалдырып жүрсе, отызында қазақтың маңдайына сыймай кеткен Ораз ақынның сөздері, өлеңдері бүгінде ел есінде мәңгі қалды.        Ал, ақын Айнұр - айтыстың айнасы, үлбіреген нәзік гүлі болатын. Майысып отырып, орақ тілімен талай жігіттің алдын орап, жүлдені қағып кеткен. Айтыста кім-кіммен жұп болмасын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әзілімен де ерекшеленетін. Айнұр Тұрсынбаеваның ізін жалғап, жарқ еткен Сара Тоқтамысова айтыс өнерінің дарынды, талантты иесі. Сәл ғана жымиып, көзінің қиығымен қарсылас жұбына бір қарап қойып, саңқылдап сайрағанда көп көрерменнің шапалағына ие болып, тәуір бағаны сол алатын. 

   Жоғарыдағы тізімге талай ақынды қосуға болады әрине. Есіме түскендері осы дарындар. Түркістандық ақынның бейнесі көз алдымда, есімі есіме түсер емес(. Серікзат Дүйсенғазин, Дәулеткерей Кәпұлы, шымкенттік Маржан Есжанова да осы ақындардың қатарында.

Міне, осы ақындарды сағындық, өнерін сағындық, өлеңін сағындық! Қазір БАҚ-тан білуімізше, әрқайсысы әр салада қызмет етіп жүр. Олар аймақтарда өтіп жатқан мерейтойларда ғана өнер бәйгесіне шығатын көрінеді. Ал, теледидардан айтыс көрсек деп аңсап жүрген халық, әзірше интернет желілеріндегі "қиындыларға" қанағат етудеміз.

Осы ақындарды іздейтін адам бар ма осы?)

Қайда жүрсе де аман болсын, ақындар!!! 

23
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 29 қараша 2012, 14:31
Тегтер: айтыс, өнер, ақын, теледидар, интернет, әзіл

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.