Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

Достар, өткен аптада сәтті басталған, алғашқы кірпіші қаланған дәстүрімізді ары қарай жалғастырсақ деп отырмыз. Сіздердің назарларыңызға бүгін, 29 қарашада қазақстандық кинотеатрларда кейбірі жапа-тармағай, кейбірі таңдалып көрсетілетін жаңа туындыларға жасалған шолуды ұсынамыз.

Фильмдер тізімі аса бай, жан-жақты болып көрінбегенімен де, арасында ауыр салмақтағы бір жоба бар. Бірақ, бәрін рет-ретімен жазсақ...

Сөздер / Слова

Сценарий жұмысын Брайан Клагман мен Ли Стернтал сонау 1999 жылы жазып, ортақ достарыБрэдли Куперден басты рөлді ойнау туралы уәдесін 2009 жылы алып қойған екен.

Фильм Рори Джэнсен атты жазушының қиын жағдайын баяндайды. Өзіне танымалдылық әкелген романды басқа біреудің жазуы және бас кейіпкердің оның алдында келтірген азабы үшін жауап беруіДжереми АйронсОливия УайлдЗои Салдана секілді актерлардың көмегімен экранға шығып отыр.

Актерлік ойын, драмалық сәттер тамашалау сізге ұнайтын болса, онда «Сөздерді» көруге кеңес береміз.

 

 

Суши гёл

Қылмыстық сипаты бар триллер. Көз алдыңызға елестетіңіз: бір топ атышулы ұрлықтың басы-қасында болғандар сыбайластарын сатпай жалғыз өзі түрмеге кеткен Фиш атты досын ортаға алып әлдебір бөлмеде отыр. Қақ ортада қонақтарға тарту ретінде жап-жас, жалаңаш, үстіне түрлі сушилер қойылған қыз жатыр. Қылмыстық топтың әңгімесі бір: ұрлықтан кейін ұшты-күйлі жоғалған құны бірнеше миллион долларға бара-бар бриллианттар. Ал қыз болса ештеңе айтпауға, ештеңе естімеуге, ештеңені байқамауға үйретілген.

 

Коллекция / Коллекционер 2

Адамға тіршілік етудің қандай қымбат екендігін көзіне шұқып көрсету үшін қиын жағдайда қалдыратын «Ара» франшизасы сіздерге таныс шығар. Егер осы секілді туындыларды ұнатсаңыз, онда «Коллекция» сіздің жаныңызға жағары анық (егер осылай деуге келсе).

Үйлерді тонаушы Аркин Коллекционердің қойған тұзақтарынан босап, жұмбақ маньяктың азабынан мәңгілік құтылдым деп ойлайды. Алайда адам жаны мен тәнін қинаудың түрлі механизмдерін меңгерген Коллекционер Аркиннің өміріне қайта оралады.

 

Бригада: Мұрагер / Бригада: Наследник

Фильм – кезінде танымал болған "Бригада" телесериалындағы кейіпкерлер өмірінің идеялық жалғасы. Бұнда негізгі оқиға Александр Беловтың ұлы - Иван төңірегінде өрбиді. Туынды қазіргі Ресей туралы: кинода саясат, жемқорлық, ірі бизнес пен құпия қызмет – бәрі бар.

«Та-ра-да-дам, тарада-да-дам» деп басталатын әуені бар сериал сіздерге ыстық болса, онда «Бригада: Мұрагерге» барып қайтыңыз. Әзірге жоба туралы болжам-пікір екіге қақ жарылып тұр.

 

 

Джунгли

Басты рөлдерде Сергей Светлаков пен Вера Брежнева. Осының өзі баруға басты себепші ретінде жеткілікті болып қалар:)

Сюжеті де қызығушылық туғызып отыр: ерлі-зайыпты арасындағы отбасылық дағдарысты бастарынан кешіріп отырған Сергей мен Марина экзотикалық саяхатқа аттанады. Ақыр соңында екі кейіпкер мұхит ортасында жырақ жатқан елсіз аралға тап болады, артынша күйеу мен әйел арасындағы нағыз соғыс басталады. Ал, аралдың жергілікті жабайы тұрғындары бұл шайқасқа араласқанда оқиға қыза түседі.

 

 

Дели биі / Танец Дели

Жеті қысқаметражды фильмнен тұратын ресейлік туынды "Дели биі" деп аталатын тамаша би түрін ойлап тапқан бишінің өмірін суреттейді. Бұл – махаббат, өлім және би туралы жеті түрлі оқиға. Сюжет желісі кейіпкерлер алғаш кездескен, ғашық болған, жақынының өлімі үшін қайғырып, үйлесім мен махаббат орын алған қалалық ауруханада өтеді.

 

Қанаттардың құпиясы / Феи: Тайна зимнего леса

Нағыз кішкентай бүлдіршіндерге арналған туынды. Фильм Қысқы орманның шекарасынан өтіп кеткен Динь-Диньнің басынан кешкендерін көрсетеді. Аяқ асты пайда болған сиқырлы қанаттарының құпиясын білгісі келген бас кейіпкер ғажайып орман ішінде күтпеген оқиғаларды басынан кешіреді.

Бала-шағаны ертіп (әсіресе қыздарға ұнайтыны анық) демалыс күні таңғы сеансқа барып қайту үшін таптырмас мултьфильм.

 

Борнның мұрасы / Эволюция Борна

Құпия қызметтерге қарсы тұрған сегіз қырлы, бір сырлы жігіт туралы Борн оқиғасы көптеген көрерменнің көңілінен шыққан-ды. Соңғы екі фильмді түсірген Пол Гринграсс жобадан кеткен соң «ары қарай сиквелдерге қатыспаймын» деген Мэтт Дэймон мұрасына Джереми Реннер иелік етті.

Әлемдік аудиторияны біраз тосқызған, ал қазақстандық көрермендерді одан да көп күттірген "Борнның мұрасы" бізге де келді-ау.

Сюжет "Борнның талабы" оқиғасымен қатар өрбиді. "Блэкбрайар" жобасымен бірге "Ауткам" деген де жоба іске асырылады. Алғашқысына Джейсон Борн қатысса, кейінгісінде Аарон Кросс тәжірибе астында қалады. Алайда, идеалды «машина» Борн секілді Кросс та «техникалық ақауға» ұшырайды.

Бүкіл Борндардың сценарийін жазған Тони Гилрой бұл жолы өзі де режиссер болып отыр. Жобаға, сонымен қатар, Эдвард НортонСтейси КичАльберт ФинниРейчел ВайсДжоан АлленСкотт Гленнсекілді тәжірибелі, танымал мамандар қатысқан.

 

Құрметті киносүйерлер!

Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.

Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды.

Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Дінмұхамед Зиядин

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 29 қараша 2012, 02:41
Тегтер: сөздер, слова, суши гёл, коллекция, коллекционер 2, бригада: мұрагер, бригада: наследник, джунгли, дели биі, танец дели, қанаттардың құпиясы, феи: тайна зимнего леса, борнның мұрасы, эволюция борна

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.