Бақыт деген ләззат емес пе екен?

Түн ортасы ауған. Тағы да есік ашық. Оянып кеттім. Зарықтырып болса да келіпсің...
 Төсегім ақ айдынға айналды… Сен және мен, жүзіп жүрміз… Алақаным мен ернім анық сезді  - Сен!
 О, Жаратушы! Бұл тылсым – тән бе, жан ба?! Шамға ұмтылған көбелек туралы ой келгені несі...
 Ауаға біреу жарық жұлдыздардың жылтырағын әдемілеп сеуіп тастапты… Қос түлендей еркелеп аунап жатырмыз...
 Жаһанның төрінде, биіктің шыңында жатқандаймын… Айналам әнмен көмкеріліп жатыр...
 Бұл қимылдарда ынтызарлық та, жалығу да, жылау да, күлу де, тәубе де, масаттану да бар...
 Аһ! Әлгі биіктен төмен құлдилап барамын ба?! Құлдилаудың да ләззаты бар екен-ау! Ой, керемет...
 Сезімді де, иісті де қимаймын. Бәрі қаз-қалпында қалсын… Ешнәрсе суып кетпесін...
 Жатқан жерімді көкпеңбек шөп басқандай… 
 Сен кеттің...
 Махаббат жайлы әндерде айтылғанның көбін мойындауға тура келеді...



Бөлісу: