КазахStar

КазахStar
жеке
блог

КазахStar – тұрақты кейіпкерлері мен сюжеті бар әзіл-оспақты скетч-шоу. Әр топтамада сіздерді өмірде әркім кездескен өте күлкілі оқиғалар күтуде. Ал, сюжеттегі кейіпкерлерді біз күнделікті өмірде жиі кезіктіреміз!

Мысалы, мерекелерді ұйымдастырушы «ТОЙKZ» агенттігінің директоры. Ол барлығын арзан жолға салатын, дүниеқоңыз адам, оның айтуынша, тойды Иван Урганттың өзі келіп өткізеді, ал шын мәнінде оның орнында былапыт сөзді трактор жүргізушісі болады. Өзін ең ақылды санап, естіп, көргенін дауыстап айтып жүретін такси жүргізушісі Русик те бағдарламаның кейіпкері. Немесе әлем халықтарының барлық әндерін айтатын «Свои пацаны» атты музыкалық топ. «Свои пацаны» тобының мүшелері белгілі қазақстандық жұлдыздардан өздерінің топтарын танымал болуларына көмектесулерін сұрайды, бірақ олар бас тартады... Осыдан не шығатынын, сіздер біздің шоудан көресіздер!

Сонымен қатар, әр топтамада ғаламторда танымал «Ты кто такой? Давай, до свидания!» ролигіне пародия- айтысты көре аласыздар. Біздің ең үздік айтыскер атағына ие болу үшін, түрлі мамандық иелері жарысқа түседі: жүргізуші мен МАИ қызметкері, мұғалім мен студент, футболшы мен жанкүйер…