Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Эстафета: Жігіттер де аксесуар жинайды

Эстафета: Жігіттер де аксесуар жинайды

Эстафета: Жігіттер де аксесуар жинайды

Уа, мұғжиза мүміндер!

Мынау монитор алдында телміріп клаваны тықылдатып отырған пақырыңызда ондай аксесуарлар жоқ екен..

Шын айтам.. Еркек деген - маймылдан сәл әдемі, сәл қырынбаған болу керек, сәл сасып тұру керек деген ескі ұстанымды миына сіңіріп өскен Шымқалалық оғланның осыдан жыл жарым бұрын алған жалғыз ғана кәстөмі бар екен. Оны да  ары кетсе, 8-рет кидім. Ал, сағатты әуелден тақпаймын. Ал жүзікті, тіпті неке жүзігін"алтын таққан күнә" деген бір хадисті оқып алған маған әдемі сылтау болғанын жасыра алмаймын. Жо-жооқ, ол қарсы тапқа деген бір керісінше ойлардың әсерінен емес, таға алмаймын. Тақсам бір ауыр зат көтеріп жүргендей боламын..

Ал, алтын тақпаса да алтын жинайтын бір тәтелерімізге ұқсауға әлі дәреженің де, әлеуметтік жағдайдың да оншалықты келіспей тұрғаны себеп болып тұр. 

Сондықтан ұсынарым жоқ. Түсініп, кешірім берерсіздер деген ойдамын..

Бірақ.. бірақ мен ақыл бере аламын. Бұл менің ақылымның молдығынан емес.. тіпті де.. Жай ғана көргенімді жазудамын..

Сонымен, үш күн, үш түн бұрын берілген эстафетаны, үш күн, үш түн қиналып дүние есігін ашқан Қорқыттай, қиналып шыққан құбыжығымды қарсы алыңыздар..

 

НАҒЫЗ ЕРКЕКТЕРГЕ ҚАНДАЙ АКСЕСУАРЛАР ТАҒУҒА БОЛМАЙДЫ

/ ТОП 3/

 

Сырға немесе пирсинг

Бұл бәленің тарихы тым тереңде екен. Осыдан 7 000 жыл бұрын Азияда арнайы ерлер үшін сырға жасайтын ұсталар болған көрінеді. Ал ежелгі Египеттіктер мен Ассириялықтарда бұл әлеуметтік жағдайдың жоғарылығын білдіретін белгі болыпты. Римдіктерде құлдарға тағатын болса, гректерде жезөкшелікпен айналысатын ерлер тағып жүрген көрінеді. 

ХІІІ ғасырда католик шіркеуі денені тесуге тыйым салғанымен пираттар мен сығандар оны тағуды қоймапты. Сығандарда мысалы, алдыңғы ұлы өлген соң дүниеге келген балаға сырға тағу салты болыпты. Ал, пираттардың құлағындағы сырғалар тоналған кемелердің санын білдіреді екен.

Тіпті казактарда да сырға тағу болған екен. Сол құлаққа тағылған сырға жалғызбасты ананың соңғы һәм жалғыз ұлы екенін білдірсе, оң құлаққа тағылған сырға жалғызбасты әкенің ұлы екенін білдірген көрінеді. Казактардың салты бойынша, бұл жігітке қатардағы казактармен қатар атаман да жауапты болады, яғни, соғыстарда қорғаштап жүруге міндетті екен.

Франсуз корольі Генрих ІІІ-нің құлағындағы сырғамен салынған портреттері әліге дейін сақталған.

Көрші ел Руссияда сырға тағу - патша Павел І-нің кезінде сәнге айналыпты. Және де ол - әйелдер сырғасы екен. Әйелдер соғысқа кетіп бара жатқан сүйіктілерін қаңғыған оқтан қорғау мақсатында бойтұмар етіп береді екен. Ал еркектер оны тағып алыпты.

Көзілдірік

Көзілдірік тарихы да тым тереңде. Біздің эрамызға дейінгі І ғасырда император Нерон гладиаторлар ұрысын өзінің тапсырысымен жасатқан смарагды (изумруд) арқылы көрген екен. Х ғасырда Птоломей, онан соң араб ғалымы Хайсам көзілдіріктер жайында алғаш еңбектер қалдырған. Онан соң францискан монахы Роджер Бэкон (1214-1294) оптика жайында біраз мәліметтер қалдырған. 

ХІІІ ғасырда Венецияда көзілдірік үшін тек сапалы әйнектерді (хрусталь) пайдалану туралы қала әкімінің мөрленген указы бар.

ХVІ ғасырдың ортасында кітап басатын машиналар ойлап табылғаннан соң, көзілдірікке деген сұраныс та күрт асып кетті. Яғни, алыстан көрмейтіндер (дальнозоркость) көбейе бастады.

Оның қазіргі формаға келуіне бақандай 300 жыл қажет болды. Қарап тұрсаң, болмайтын нәрсе, екі темірді алып, құлақтың артына қыстыра салу, алайда...

Ең алдымен монокль - жалғыз ғана көзі бар, сабы бар құрылғы. Онан соң көз саны екеуге көбейді. Бұл көзілдіріктердің кейіннен мұрынға қыстырып қоятын да түрлері шықты. тіпті сол заманның "дизайнерлері" бұл құрылғыны шляпаға да қыстырып қоймақшы болған.

Онан соң бастың артына қыстырып қоятын жібі бар көзілдіріктер пайда бола бастады. Тек сонан кейін ғана қазіргі формасына келді. Қазір түрлі формадағы көзілдіріктер бар. Оправалары сары, көгілдір түстес, формасы жүрек секілді болып келетін т.б.

Мен жалпы көзілдірікке емес, осындай формалы көзілдіріктерді НАҒЫЗ ЕРКЕКТЕРГЕ кимеуді ұсынар ем.. 

Түйреуіш (брошь)

Бұл аксесуардың тарихы тіпті де тереңде. Қола дәуірде аңның терісінен енді босап, эстетикалық жағынан әдемі һәм қарсы жынысқа ұнау мақсатында киімнің жеңіл әрі сәл сәндірек түрлері ойлап табыла бастағанда ойлап табылған зат. Киімнің айқасқан жерін енді бұрынғыдай жіппен байлай салмай, түйреуішпен түйреп қойып жүрген хомосапенс ханшалар өз бақытын енді осылай әшекейлер арқылы қаратуды шешіпті. 

Мұның тарихы өте көп және әр-түрлі. Өздерінің түрлері де көп. Венгр фибуласы әр-түрлі, көбінесе домалақ формада болып келсе, кельттердің әшекейлер жан-жануар түрінде, Рим мен гректерде бетінде бедері бар сан-қырлы формада болса, Еуропаның кейінгі дәуірлерінде тіпті адам фигуркалары бар түйреуіштер де шығыпты.

Дәл қазір де түрлі формадағы, алмаз тастарымен, алтыннан жасалған немес қарапайым тастардан жасалған әшекей түйреуіштерді күніге көріп жүргендіктен және де мұның тарихын жазудың өзі үлкен еңбек екенін ескеріп бұған тоқталғанды жөн көрмедім.

Алайда, кәстөмінің жағасында "Нұр-Отанның" төсбелгісі (значок) емес, осындай әлем-жәлем түрлі бейнедегі түйреуіш тағып алған еркекке өз басым күмәнмен қараймын..

Қорытынды

Бұл пост тек менің ғана көзқарасымды білдіретінін һәм бұл пікірлерімді ешкімге тықпаламайтынымды алдын-ала ескертіп өтейін.

БІРАҚ, ЕГЕР ДЕ СІЗ ЖОҒАРЫДАҒЫ АТАЛҒАН АКСЕСУАРДЫҢ ЕҢ БОЛМАСА БІРІН ТҰТЫНАТЫН БОЛСАҢЫЗ, ГЕЙЛЫҚҚА БІРТАБАН ЖАҚЫНСЫЗ ДЕГЕН СӨЗ!

Мүмкін, Алматылық утонченный глямурлы жігітке розовый әшкилер ұнайтын шығар, және де ешкімнен қымсынбастан оны киіп жүретін шығар.. Немесе пирсингті қазіргі заман модысы санайтын шығар.. Ол өз шаруасы...

Менің айтқым келіп отырғаны.. сол, ауылдан шыққан, Арманды қуып, ол алған ақшасын қайтармай кеткен соң өз жайына кетуге дайындалып жүрген қазақтың қарадомалағының ойы ғана.. жәй ғана ой..

Пы-сы: Эстафета бұтағын басы бос 82-жылғы БМ-ға беремін.  

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 24 қараша 2012, 17:57
Тегтер: еркектерге тағуға болмайды, ибо гей болып кету қаупі басым

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.