Тамақтану

Тамақтану
жеке
блог

Еріңнің тамақтану уақытына көңіл бөл. Тамақты оның әдеті бойынша әзірле. Өйткені аштық ашу шақырады. Өзің де ол да үйден  нәр татпай шықпасын. Бір кесе қара шай болса да, үйден дәм татып кеткен жөн. «Таңғы аста береке бар».

Жұбайың жұмыстан немесе сабақтан келгенде бірден шәйнек қой да, дастарқан жай. Еріңнің жағдайын қаншалықты ойласаң, оның саған деген сыйластығы да соншалықты арта түседі.

Тамақтануды бір уақытқа дағдылаған дұрыс. Ерте тамақтанып алып, жатар уақытта күйеуің ас үйді тықырлатып жүрмесін немесе кеш тамақтанып, күйеуің төсекте асқазанын ұстап қорсылдап жатпасын.

Қай уақытта болмасын күйеуің жолдастарын ертіп келсе, сен өз орныңнан (ас үй) табыла біл.

Енді келесіде қонақтың дәм татып кетуі туралы айтып берермін.