СДУ - МЕДИА

Журналисттерді «бесінші билік» деген сөзді жоққа шығармайтын біздің университет, тілші мамандығын игеріп жатқан студенттеріне қолдауын аямауда. Шынында қоғамның мұңын мұңдап, жақсысын жақтап, жаманын даттайтын, үлкен мен кішінің, жуан мен жіңішкенің, халық пен биліктің арасын жалғайтын көпір іспеттес бұл мамандық иелері университеттің қабырғасында білімді теория жүзінде ғана алады. Ол әрине аздық етеді, сол себепті де студенттердің білгірлігін ұштау үшін тәжірбиеден өту керек. Осы тұрғыдан университет әкімшілігі журналисттерге арнап «Медиа» клубын ашуға ықыластарын білдірді. Бүгінде клуб қызу жұмыс жасау үстінде. Ұжым алты бағытта жұмыс жасайды: - СДУ телевидения - СДУ радио - «СДУ дидары» газеті - СДУ ғаламторы - Студент айдары (Қазақстан-ZAMAN) газетінде - Фото журналистика. Жалпы бұл бастама тек журналистика мамандыңының студенттерінің белсенділігімен жұмыс жасаса, барлық бағыттағы бағдарламалар онлайн форматта үздіксіз тындарман мен көрермендер назарларына берілмек. Сонымен алғаш болып сәрсенбі күні «СДУ Радио» жобасы өзінің тысауын кесіп, тыңдармандарына қарай бет алмақ. Бұл танымдық мағызы зор «МЕДИА» жобасы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленері сөзсіз. Сулейман Демирел атындағы қазақ-түрік университеті



Бөлісу: