ОҚШАУ ОЙЛАР...

ОҚШАУ ОЙЛАР...
жеке
блог

Хоббиімнің бірі – мақал жинау, мақала жинау... Ұлым ұрсады кейде. Әрине, әзілдеп... «Мұның бәрі немереме» деймін ғой баяғы))))))... Өткенде бір бума қағазымды балам байқамай шашып алып, іле-шала «немереңнің заттары шашылды» демесі бар ма... Күліп жібердім... «Тумаған сиырдың уызын жегізіп» менің ұрысымнан әдемі құтылып кетті... Апам айтатын «қол қолды жуады, қол бетті жуады» деген осы екен... «Ақылды адам әзілдесе біледі, түсінеді» (мұны да Зейнеп апам жиі айтады, Асекем соны естіп алған) деп құтылып кетеді көбінде... Айтпағым, сөзге тоқтап, сұлу сөзді жинай жүрейік. Тобықтай түйін осы ғой)))))))))


 

                                 ***  ***  ***

Сені өзіңнің ауылыңда атыңмен атайды, «Болатханның қызы», «Айгүл» дейді. Ауылыңнан шығып жақын жердегі ауылға барсаң: «Е-е, Болатханның қызы ғой», – дейді әкеңді танитындар. Ал ауданның, облыстың орталығына барғанда ешкім «Болатханның қызы бұл» немесе «Айгүл екен» демейді, солай ғой. Жөн сұрап, танысып жатады. Ал еліңнен ұзап шықсаң саған тек «қазақтың қызы» деп қарайды. Жақсы қылығыңмен көрінсең де, жағымсыз жағыңмен көрінсең де, қазақтың қызына сөз келеді, солай емес пе?! Демек, ұлтыңның алдында мойныңда үлкен жауапкершілік пен міндет тұр деген сөз. «Қазақтың қызы», «қазақтың баласы» деген ұғым... Түсіндің бе? Сондықтан еліңе адал қызмет ете біл. Әр қазақтың баласы осыны есінен шығармаса... (апамның маған айтқаны).