Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жағымпаздық синдромы

Жағымпаздық синдромы

Жағымпаздық синдромы

Мысалы сіз бір ұжымда ел қатарлы жұмыс жасап жүресіз. Бар ынта-шынтаңызбен берілген тапсырмаларды уақытылы дайындап келесіз. Әрине, басшыңыз сізді бағалайды, құрметтейді. Алайда жаныңыздағы әріптесіңіз шалқайып, өмірдің рахатын сезініп сіздің терлеп-тепшіп жасап жатқан жұмысыңызға басын ауыртпайды.Іскерлік әңгіме болатын жерде ретін тауып өзінің жеке басын әңгіме етіп уақытты өлтіреді. Берілген тапсырманы формальді түрде айтса да өзінің не айтып тұрғанын өзі түсінбейді.

Алайда бір шешімін тауып мәселені шешу керек. Қарапайым ғана нәрсені түсінбеген сыңай танытып басшысының үйіне хабарласады. Жеке тірліктерін тындырып береді. Сыйлық сыйлайды. Реті келсін, келмесін мақтайды. Кәсіби жұмысына келгенде нөл.Нағыз сын сағатта сіз өз күшіңізбен, өз біліміңізге арқа сүйеп аман өтесіз. Ал әріптесіңіздің іс-әрекеті адамның күлкісін келтіреді. Адам емес маймылға айналып кеткендей. Жиіркенішті.

Бірақ ақыр соңында басшыңыз сізді емес әлгі әріптесіңізді сізден жоғары бағалайды. Себебі оның өткізіп қойғаны көп. Әлгі сыйлы басшыңыздан көңіліңіз қалды ма? Қалды. Әлгі жағымпаз әріптесіңіз жұмысы бітіп,  күні түскен басқа біреуге баяғы әнін айтып жүр. Жәй кеткен жоқ басшыңызды парақор етіп көрсетіп әңгіме жайып жібереді.

Кейде ойлаймын да, өмір көрген салиқалы деген басшылардың өзі адам танымайма деп. Сізге деген шынайы ықыласпен шектен тыс қошеметтеуді қалай айыруға болады? Сіздің айналаңызда бар ма сондай адамдар? Жағымпаздық орын алған ортада адамгершілік құндылықтардың төмендеп кететіні несі? Өмірді жеңілдету үшін біз де өмірге жеңіл қарауымыз тиіспіз бе әлде?

Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 19 қараша 2012, 00:42
Тегтер: тегсіз
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 02:01

Туфли жалағыштар мен туфли жалатқызғыштардан тұратын қоғамда туфли щеткалағыштар мен жалаңаяқтылар пайда болды. :lol:

+0
19 қараша 2012, 08:44

иәә, мұндайлар көөөөөөп(((

+0
19 қараша 2012, 09:26

мен оз жеке басыма катысты, кейiнгi кундерi ойлап журмiн жумысында барi "ок" болу ушiн "жагымпаздыктын" бiр-еки тамшысы болу керек деп

+0
19 қараша 2012, 09:49

Тамаша жазылған. Тура осындай іс-әрекетті жасаған ер азамат болған жұмыста. Ер басымен ұялмастан осы тірлігін істеп жүретін. Бірақ, құдай бар, өмірден өз сыбағасын алды ғой. Ешкім де оны аямады. Солай

+0
19 қараша 2012, 09:53

Бұндай жағдаймен өмірде жиі ұшырасуға болады. Адамдар әр түрлі...Осындайды көргенде ызаланатынымыз рас. Солар секілді жеңіл қараудың бір екі әдісін бізге де үйрену керек шығар.

+0
19 қараша 2012, 10:54

Жаңа ғана саған ақыл айтып отырған "данагөй" есіктен ана кім кіріп келгенде безілдеп жүгіріп кететінін қайтерсің? Өмір сүрудің қамы үшін керек те шығар, бірақ маған бәрібір жат. Әлгіндейлерді көрсем көзбен де, сөзбен де аямаймын...

+0
19 қараша 2012, 12:59

Былай ғой, өмірді әділетсіз де өзіміз санағанмен, табиғат әу баста әділетті. Мұндай жағдайлар басыңнан өтіп жатса, яғни өзіңнің бір ойларың мен ұстанымдарың қате, не кері тартатын болып тұр деген сөз. Кейде ойларыңды ретке келтіріп, шексіз өмірге шағым мен бұл өмірдің әділетсіздігін айтуды доғарғанда барлығы орын-орнына келе бастайды. Табиғат әділетті дедім ғой, сол барлығын өзі реттейді. Тек өз ойларың мен ниеттерің таза, позитивті болса болғаны. Түсінбей жатсаң, жекеде әңгімелеп беремін бір күні ;)

+0
19 қараша 2012, 13:30

Дұрыс айтасың, осы жайында ойланып жүрмін. Маған қатып қалған қағидаларымды өзгерту керек.

+0
19 қараша 2012, 14:02

жаман қасиет, алайда көмектеседі өмірде) кейде орынды жағымпаздана алатындарға қызығамын, қалағандарын алады ғой солайша

+0
19 қараша 2012, 14:37

мүлде керек емес десең нереально болады иә:) орнымен, жымын білдірмей жасаса болады әрине.

+0
20 қараша 2012, 05:57

жының келетін мұғалімдерге балың үшін жағынбасаң да шыдап отырасың :?

+0
20 қараша 2012, 05:59

жағынатындар да бар) Оқытушы да ақымақ емес, жағымпаздарды жақтырмай, бетін қайтарып тастайды))) сондайда күшті боп қаласың :roll:

+0
21 қараша 2012, 12:21

Мен жағымпазбын, бірақ сараңмын сондықтан сыйлықтар бергім келмейді, алайда әр адамның әлсіз тұстары болады, менің бастықтарымның біреуі гүл десе "өледі", кабинетіне кіргенде бірден "Ооо, гүлдеріңіз қандай әдемі, мынау гүлді күту қиын ғой, Сізде тіпті гүлдеп-ақ тұр өзі, тьфу-тьфу" деп қоям, ал ол болса әр гүлімен таныстырып, онымен жолыққан күнін еске алып, тарихын айтып шығады да, "қандай мәселемен келген ендің?" дегенде, не айтсамда, өзімнің қалаған жауабымды аламын, Әрине бұл дұрыс емес шығар, үй гүлдерін өсіруге еш қызықпайтын адамның осындай әрекеті, бірақ заманың түлкі болса... деп, өзімді ақтап алайын))

+0
21 қараша 2012, 13:50

жарайсың Сәния, жауабыңа риза болып отырмын. Негізі өз ісіне берік жан болса ондай сөздерді айта берсін жарасады ғой. Менің айтпағым, өзінің не айтып не қойғанын түсінбейтін, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін жандардың жағымпаздығы еді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.