Махаббаттың жауабын ешкім білмейді...

Махаббаттың жауабын ешкім білмейді...
жеке
блог

Қалайсыңдар Массагеттіктер!

Қоңыр күздің сары жапырақтары түсіп болып,ызғарлы қыстың салқыны келе жатыр. Бірақ қыс қанша ызғарын соғар болсада махаббат отын өшіруге қауқары жете алмасы анық. Сондықтанда сөз басын асыл сезім-махаббатпен ашпақпын. 

Махаббат туралы небір данышпандар да,ойшылдар да,ақиық ақындар мен жалынды жазушылар да жазған,әліде жазыла берері анық. Мен әрине,олардың дәрежелеріне жеткенім жоқ,бірақ махаббатты жүрегіммен сезінген соң махаббат туралы айтуға қақым бар деп санаймын. Махаббатты ең кіршіксіз сезім деп санаймыз ғой. Алайда қанша адам болса сонша пікір барын да ескерейік. Мысалы, форумда бір қарындасымыз "махаббат деген не?Қызғаныш.Құштарлық.Сезім" депті. Мен шыны керек,қаракөз қарындасымыздың дүниетанымында махаббаттың тек үш түрлі сезіммен көрінгеніне таң қалдым. Менің махаббат туралы түсінігім..

Махаббаттың дәл жауабын ешқандай пенде білмейді. Себебі,ол сезім адам баласының ешқашанда аша алмай өтетін жұмбағы болып қала бермек. Махаббатты әр адам әрқалай,өзінше түсінеді.Өз көзқарасымен,бастан кешкен жағдайына орай ұғады. Махаббат біреуге бақ,біреуге сор. Дүниеде бір біріне ерекше ынтызар жандардың қауышып қосылғандарыда бар,арманда қалып қосыла алмай кеткендеріде бар.

Махаббат тек қызғаныштан тұра ма? Бір бірін қызғану сезімі ғана екеуін байланыстырып тұр ма? Аяқ астынан біреуі қызғанбай қалса сонда бұл махаббаттың өшкені ме? Жоқ,махаббат деген мәңгілік,сондықтан ол тек қызғаныш емес.

Махаббат тек құштарлық па? Бір бірін көруге өлердей қалаған,еріндерін жұлып жердей сүйіскен,бір бірін жібергісі келмей құшақтасқан сәт пе? Жоқ,махаббат деген тек құштарлық пен құмарлық араласқан тән қалуы емес.Махаббат деген жан мен тәннің ақыл мен ерікке бағынған мәңгілік жүрек қалауы.

Махаббат тек құр сезім бе? Адамның бойында сезім атаулының түрі бар,сонда бәрі бірдей махаббат болмайды емес пе? Тек ессіз сезімге берілген адам ғана ақыл тоқтатып сүйе алмайды. Ақыл мен еркіңді сезімге жеңдіресің. Сезім басым жерде есерлік бар. Махаббат деп бірі үшін өлу,құрбан болу,айтқанынан шықпау ол махаббат емес,бұл өз өзіне деген сенімсіздік. Алланың тәубе еткен жанына жаңа мүмкіндік сыйлап,жаңа бақыт пен жаңа өмірді ерте ме,кеш пе сыйлайтынына көзі жетпеушілік. Сондықтан махаббат тек сезім емес адамды нақты бір істерге итермелейтін.

Сонда махаббат деген не,жауабын білесің бе сонда деп ойлайсыздар ғой? Иә,білем десем бұл менің өз түсінігім болып қала бермек.Жоқ,білмеймін десем бұл менің жүрегімнің бір жанға босқа соққаны болады.

Білемін әрі білмеймін және...түсінбеймін...

Білетінім,махаббат ол бар сезімдердің ең жақсысы мен ең жаманы қатар жиналған түрі. Махаббатта жолың болса махаббат сен үшін әлемдегі ең керемет сезім. Махаббатта жолың болмай,қалаған жаның сені қаламаса,махаббат сен үшін бар екеніне сенгің келмейтін жек көрінішті сезім.

Білмейтінім,махаббаттың пайда болуын,оның сырын,мүмкіндігін тірі пенде ретінде толық ұға алмағаным.Махаббаттың желеуімен осы уақытқа дейін адамзат не істемеді десеңші...

Түсінбейтінім,махаббат жақсы адамды жаманға,жаманды жақсыға айналдыра алады. Ең бір жақсы деген жанның өзі сүйген жаны өзін қаламаса сағы сынып,ойы мен ниеті бұзылады. Осылар бұзылса жақсы адамның жаман адамға айналуы оңай,қайта жақсы болып қалыптасуы қиын. Жаман адам сүйсе махаббат күшімен жақсы болып қалыптаса алады. Себебі,"Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу" деп жүрегі мен ақыл-ойымен қатар қалаған жаны үшін өзгеру қиын емес. Махаббат расыменде жұмбақ емес немене?

Тоқетерін айтсам,махаббат жоғарыдағы бірен-саран сезімдермен өлшенбесі анық. Сіз қалай түсінесіз,қалай сезесіз,солай сүйіңіз. Бастысы махаббаттың не екенін білу емес,бастысы шын махаббат бойыңда бар ма,соны білу...