Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Менің бірінші курстағы махаббатым...

Менің бірінші курстағы махаббатым...

Менің бірінші курстағы махаббатым...

Өзімді студент болдым деп санамаймын, шошып кетпеңіз универде оқығам :).

Алматымен бірге политехты да жек көріп өттім студент кезімде. Алматыны мамамдардан, ауылымнан алыстатқаны үшін ұнатпағам, бейне балалығымды ұрлап алғандай болатында тұратын... Ал политехты білмейм, қалап түскенмін бірақ бірінші күннен махаббатым су сепкендей басылды. Политехқа жалпы корпусы ұнағаны үшін түскенмін, сонан кейін менде бір ой болды "тек КазГУ" емес "техникалық"  мамандық оқимын деген қатып қалған стреотипім болды...

Сонымен, оқу басталды... 

3- қыркүйек.... Мен оны старосталар жиналысында көріп қалдым... Ол орта бойлы, көзі әдемі қаралау келген жігіт еді... Көп сөйлемей байыпты тыңдап, өзіне тікелей сөз бергенде ғана сөз сөйлеп отырды...  3- курстың студенті екенін және атының Ернар екенін білдім... 

Деканатқа жиі барып, старосталар жиналысынан қалмауға тырыстым... Олар мен сабағымыз среда күні 2- пар қарама-қарсы аудиторияда болатын... Ол күні сәнденіп, ерекше көңілді болып жүретінмін. Оған тік қарауға батылым бармаса да сұлбасын көргенге мәз едім....

Екі айдай осылай өзіммен алысып жүрдім, бір күні бір құрбыма айттым. Ол "ой, оның қызы бар ғой, политехтағы ең әдемі қыз екен" деді. Сұлқ түстім, үйге жылап келдім... Мойымадым, бәрібір ұнатып жүрдім оның әр ізін аңдып... 

Бір күні құрбым группадағы ең сыпылдақ бір қызға "оның" маған ұнайтынын айтып қойыпты. Ұят-ай, ана сыпылдақ группаласым олмен жақсы араласады екен... Бәрін айтып үлгеріпті... Ұялғаным-ай, құрбыма жыладым... Жаман қорланғандай болдым... Осы уақытқа шейін жігіттердің артынан ұнатам деп айтпаған маған ауыр тиді... 

"Ол" маған сыпылдақтан салем айтып жіберіпті: "кешір, менің сүйгенім бар, бірақ қорықпа сен басқа сүйікті жаныңды тауып бақытты боп кетесің" деп.

Сыпылдаққа әбден ұрыстым, "-саған кім айт, деді. мен оған сезімімді білдірмек түгілі ештеме айтқан жоқпын" деп...

Оған өзім барып, шақырып алдым да: "Сыпылдақ саған өтірік айтады, менің ешқандай сезімім болған емес. Алаңдама, сен менің вкусымда емессің" дедім де кетіп қалдым. Бетім қып-қызыл... Үйге шейін тағы жылап келдім... Сонымен махаббатым да өшті...

Оны көрмеу үшін старосталықты өткізіп бердім, старосталықты қалап жүрген "сыпылдақтың" құрбысына... Кейін оны байқамайтында болдым... 

Рейтинг: +6

Автор: Айкона Н
Жазылған уақыты: 16 қараша 2012, 14:06
Тегтер: ұнатушылық, махаббат, бірінші курс, политех, алматы
Пікірлер
+0
16 қараша 2012, 14:13

Құдай, құдай, намысшылының өзінің :D

+0
16 қараша 2012, 14:24

еее ол бірінші кездер еді ғой, кейін үйреніп кеттік қой ))))

+0
16 қараша 2012, 14:17

Көрген күнге дейін есіңде қалыпты ғой)))) Байқамай кеткенін жақсы болыпты, кейін өкінбедің бе?

+0
16 қараша 2012, 14:25

қойшы, өкінетін несі бар?

+0
17 қараша 2012, 11:31

Дұрыс болыпты ендеше ;)

+0
16 қараша 2012, 14:27

:)

+0
16 қараша 2012, 14:29

өзің барып айтқаның :roll: ........батылдық екен 8-)

+0
16 қараша 2012, 14:35

мен негізі батыл қызбын, кейде тормозым ұстап қалғаны болмаса :P

+0
16 қараша 2012, 14:32

Көзіме елестетіп бір күліп алдым. Сыпылдақ дегенің жақсы теңеу болыпты. :D

+0
16 қараша 2012, 14:38

жоқ ше, жаман сыпылдақ еді :lol: кейін сол қызбен мүлдем араласа алмай-ақ қойдым

+0
16 қараша 2012, 14:48

:lol: :lol: :lol: ниче сен қатарласын, ал мен... :lol:

+0
16 қараша 2012, 15:00

жазсаңшы оқиық ))

+0
16 қараша 2012, 15:35

Алматы мен бірге ма... бақытсыздығың өз алдына сауатсыздығың да жетеді сенғыздың ң ң ң ң :mrgreen:

+0
16 қараша 2012, 15:50

неғыласың бәріне көзіңді жұмып өтіп кете берсейш

+0
16 қараша 2012, 15:51

тып тыныш жүргенде осылай айтып қоятындары құртады шееееееее :x

+0
16 қараша 2012, 15:52

айтпашы, жаман боп қаласың иааа

+0
16 қараша 2012, 15:55

иаааа

+0
16 қараша 2012, 16:13

Сыпылдақтан айтып жібергенше неге өзі шақырмады екен ашық әңгімеге... Бірақ, сыпайы екен қалай да. Әйтпесе "шалқақтап", сізді былай да, былай да көзбен шығарып салып, тиісіп... сыпайы екен жалпы...

+0
17 қараша 2012, 11:29

иа дұрыс ойлапсыз ол жағын ол кезде сондай жынданғам қазір сіз сияқты ойладым

+0
16 қараша 2012, 21:16

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: хаха Сылпылдақ деген сөзді өмірімде бірінші рет естіп отырмын...прикольно :D :D :D :D ол типа өсекші деген сөз ба

+0
17 қараша 2012, 11:30

иа өсекші :lol:

+0
17 қараша 2012, 13:47

қызықты екен :lol:

+0
17 қараша 2012, 22:13

Сюжет өтті көз алдымнан, сол кезде болғандаймын, шынайы! ;)

+0
10 наурыз 2014, 21:21

negizi (Сылпылдақ) emec (Сыплдақ) bolukerek. keremet :mrgreen: jazilgan

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.