жеке
блог

Сыңғырын естіп жүрейін – Сыңарын берші сырғаңның (Ж.Е.)

Қызылды-жасылды, көздің жауын алатын әшекейлерге оқушы кезімнен құмар едім. Өте көп болатын. Қазір өзім үшін бағалы, қымбат боп саналатындары ғана қалды. 

Сіңілің көп болғаны да қиын, әсіресе студент сіңілілерің көп болса). Ұнатқанын, қалағанын қиылып сұрайды. Амал жоқ...))

Күнделікті өмірде алтын сырға мен жүзігін тағып аламын да, ауыстыруды ұмытып, сонымен ұзақ уақыт жүремін. Ыңғайлы әрі құлақты ауыртпайды. 

Ағам мен жеңгем сыйға тартқан әдемі сырға жүзігімен


Бұл да сыйға тартылған (бір көзін жөндетуді құнттамай жүрмін)


Бурабайда өзіне ғашық қылған бұйымдар :)


Қара көзі бар әшекейлерге көбірек қызығатынымды байқаған боларсыздар?! :)


Сырғаны сыңғырлатып тағуға аса құмар емеспін, мерекелік кештерде ғана болмаса... Қазір бары осы ғана екен ;(


Ең, ең тәуірі деп алатын екі алқам бар: алтын және күміс. Күміс алқаны сіңілім туған күніме арнайы жасатып сыйлады.

 

Хенд-мейдке қатты қызығушылығым артып, мына әшекей туындады. Былай жаман емес сияқты ;)


Қолөнер саласындағы туындыларым. Сіңіліме және өзіме бірдей етіп жасадым.


Ал жасаған мына әшекейімді сіңіліме сыйға тарттым. "Жидектер" деген атауға келетін сияқты. 


Өз туындыларымнан бөлек, мынадай қолға тағатын әшекейлерім бар екен. 


Мына қанқызды Бодрумда түрік жігіт сыйға тартты. "Ұнатып қалдым, осында қал" деп еді ;)

Дәл қазір ауыстырып тағып жүрген екі сағатым, қалғандары қолданыстан шығып қалыпты. 


Жиынтықтың жүзіктерінен басқа бір ғана жүзігім бар екен, байқасам. Бұл бриллиант көзді жүзікті де сыйға алғанмын. 


Мендегі бары осы ғана... 

Шашқа тағатын әшекей бұйымдары болмайтын қыз жоқ шығар, сондықтан ол туралы жазудан қалыс қалуды жөн санадым.

Косметика да дәл солай. Косметикам 2-3 сөмке боп қалар).

Сөмке демекші... сөмкелер де біраз жиналып қалыпты. Бірақ, суретін ілетіндей 50-60 шақты дана емес енді ;).

Одан да сіздерге қосымша ретінде өзім жасап, суретке түсіріп жүрген маникюрлар топтамасын ұсынайын.

Эстафетаның арқасында біраз уақыт тағылмай қалған әшекейлерімді ақтарып шықтым, рахмет. Ары қарай Ұшқын жалғастырсын.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі