"Жанның Саясы қайда жоғалып кетті?" деп жүргендерге!

"Жанның Саясы қайда жоғалып кетті?" деп жүргендерге!
жеке
блог

Cәлем, достар! Бірнеше ай бойы пост жазған жоқпын, осы уақытта сіздерді сағынып та үлгеріппін! «Осы Жанның Саясы қайда жоғалып кетті?» деп жүргендер болса, жауап берейін...

Мен «Блог Құрылтай – 2012» өткеннен соң, нақтырақ айтсам, тура 1 аптадан кейін жұмысқа тұрдым да, блог жүргізуге уақыт таба алмай қалдым! 

Осы уақыт аралығында «Video Magic Production» атты ЖШС-да бас редактор және аудармашы қызметін атқардым. Біз 5-6 ай ішінде балаларға арналған екі бағдарлама жасадық. Бірі «5 минут арасында» деп аталса, екіншісі – «Білгіш шоу». «5  минут арасында» бағдарламасының жүргізушісі – Бауыржан Орда деген кісі. Ол «Тамашада» ойнайды, тамада, бір сөзбен айтқанда – сегіз қырлы бір сырлы аға! Диктор – Ләззат Ибраимханова есімді келіншек. Ол тіпті керемет адам! Дауысын жазып жатқанда мен үнемі тербеліп отыратынмын! Жұмыстағы менің жалғыз құрбым. Өйткені, бізде тек ер адамдар жұмыс істеді. Айтпақшы, бір өркөкірек қыз бар, бірақ мен оны адам қатарына қоспаймын, өйткені, ол өркөкірек және оның жұмысы аптасына бір рет келіп қағаздарды әкеліп беру! Ал, Білгіш шоуды жүргізген – Ислам деген жігіт. (Бағдарламаларды «Білім» арнасынан тамашалай аласыздар!) 

Артта қалған 6 ай мен үшін ең қызықты күндер болды. Өйткені, жұмыс барысында неше түрлі адамдармен танысып, өмірлік және кәсіби тәжірибелер жинап үлгердім.

Бәрінен де менің режиссерім – Тимур Тукусбаевқа мың алғыс білдіргім келеді.  Өйткені, ол  мені іскерлікке үйретті. Мен жұмысқа орналасқанымда телевидение жөнінде тек теория жүзінде білітенмін. Ал проект аяқталғанда – мен өзімді нағыз кәсіби журналист ретінде сезіндім. Ол кісі маған өз – өзіме сенімді болуды үйретті. Ал ең бастысы, мына сөзді сыйға тартты: «Все пи...т, а я - РАБОТАЮ» (Бұл сөздің тарихын реті келсе, келесі жолы айтып беремін)! Егер түсінсеңіздер, осы бір сөздің астарында үлкен мән жатыр!

Сонымен қатар, Нариман Дүйсенбай деген кісі де мен үшін маңызды адамдардың бірі. Ол біздің топтағы ұйымдастырушы. Барлығымыздың қыңыр мінезімізді көтеруші, жүйке жүйесі ең төзімді адам :-)))  Нариман мені не болса да, күліп қойып жүре беруге, сабырлы болуға үйретті. Сол үшін, оған да білдірер алғысым шексіз!

Ал, Антон деген дыбыс режиссеріміз менің иммунитетім))) Өйткені, жұмыста ол үнемі мені қорғап, сөзімді сөйлеп жүретін!!! Сол үшін оған да мың алғыс!

Міне, осылайша, 6 айға жуық уақытта біздің топ екі бағдарламаны қосқанда 1000 бағдарлама түсіріп үлгерді («5 минут арасында» - қазақша 400, орысша 400 бағдарлама, «Білгіш шоу» - қазақша 100, орысша 100 бағдарлама).

Айтпақшы, осы уақыт аралығында министрлікпен арпалыстым, олардың сауатсыз хаттарына жауап бердім, біздің топтағы бір өркөкірек қызбен соғыстым, Аким деген дыбыс режиссерім мен Ислам жүйке жүйемді жұқартты, 21 жасқа толдым, "Керек Инфо" блог порталынан кетіп қалдым, өйткені, ол мен үшін ашып кеткен тамақ сияқты... Бір сөзбен айтқанда, еске алатын жәйттар өте көп...))) 

Суретте - Бауыржан Орда.