Көне заман нақылы

Көне заман нақылы
жеке
блог
  1. Қанағатшыл бол. Яғни, күйеуіңнің әкелген азық-түлік, киім-кешегін разылықпен қабылда. Өйткені қанағат жүрекке рақат сезімін ұялатады.
  2. Айтылған сөздерді әрдайым ықыласты тыңда және оған бойұсын. Өмірлік жолдасыңа қарсы келмей, онымен пікірлес және ынтымақты бол. Бұндай қылығыңмен Алланың разылығына ие боласың.
  3. Өмірлік жолдасыңның көзі түсуі мүмкін нәрселерге зер салып, ісіңді ұқыпты ұста, оның көзі ешқашан жайсыз нәрсеге түспесін.
  4. Жаман иісі шығуы мүмкін нәрселерге зер салып, көңіл бөл. Оларды тауып, тазала. Үйіңнен әрқашан хош иіс шығып тұрсын.
  5. Тазалық суға байланысты. Барлық нәрсе сумен тазаланады. Таза бол!
  6. Еріңнің тамақтану, ұйықтау уақытына көңіл бөл. Тамақты оның әдеті бойынша әзірле. Өйткені аштық ашу шақырады, ұйқысыздық қапаландырады.
  7. Еріңнің жақындарына жақсы мәміледе бол. Ол сенің жақсы әйел екеніңді көрсетеді.
  8. Еріңнің сырын ешкімге айтушы болма. Егер ол біреуден еститін болса, ренжиді, өзіңе опасыздық жасауға себеп болады.
  9. Еріңді құрметте, сөз қайтарып, қарсы шықпа. Қарсы келіп, дау шығарсаң, өзіңе дұшпан сияқты әрекет етуіне себепші боласың.
  10. Еріңнің көңілі түсіп, қамкөңіл болып отырса, сен қуанышты жүрме, оның уайым-қайғысына ортақтасып, сондай көңілде болуға тырыс.

Көне заман нақылы