Он үште отау иесі бола ала ма ?

Он үште отау иесі бола ала ма ?
жеке
блог

Он үште – отау иесі

 

 Қазақ халқының салтында ер балалар үшін он үш жас балиғат жасына жеткен болып саналады, осы жағдайларды ескерген ата-бабамыз ұлдарына қыз айттырып, құда түсіп, үйлендіре бастаған. Мысалы, Абай атамыз 17 жасында әке болған, жеңгелері ұлды болғанын айтып, сүйінші сұрайын десе, атамыз бір жерге тығылып, жылап: «Әке болғым келмейді» депті. Бұл оның жастай әке болғанынан ұялғаны болуы керек, ал бұдан оның әкесі Құнанбайдың шариғат заңдылықтарын сақтағанын көреміз.Жігіт білімді де білікті, қолынан іс келетін болуы керек, оның ішінде барлық білімнің негізі Аллаһ Тағаланың ілімінен бастау алғаны жөн, сонда ғана ісі сәтті болары сөзсіз. Ер бала үлгіні әкеден алады, ұлдары бар ерлердің ойланғаны жөн болар. Әкесі жөнді болмаса, ұлы одан қандай тәрбие алмақ. Баласын қасына ертіп жүріп, ең әуелі ислами тәрбиеден бастап, қалған ізгі істерді үйрету – әкенің парызы.

  Қыз бен жігіт оңашада ортасында шайтан болар…

 Салт-дәстүріміз бойынша, жігіт пен жеңгенің арасында үлкен құрмет, сыйластық болған. Жеңгесі жақсы қыздармен кездесуге жігіттер жеңгені танымайды. Бұл да бір заман талабы шығар. Десек те имандылықтың тұтқасын ұстап жүрген мұсылман жігіттің жағдайы, әсіресе, көшеде жүру жағдайы қиындап кетті. Жігіт төмен қарап жүруге, көзін сақтай білуге міндетті, ал жан-жағы толған «жалаңаш» қыздар болса, не істеу керек? Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Қыз бен жігіт оңаша қалса, үшіншісі шайтан болады» деген қағидасын есте ұстаған жөн. Қыздарды қорлап үйренбей, қорғап үйренген қазақ жігіттері көп болса ғой, шіркін?! Себебі, жігіт қыздың арын аяқ асты етпес бұрын, өзінде де ана, апа, қарындас барын ойлау керек. Есті жігіт қызға сөз айтқанда, қолқа салғанда, ол қыз бірден келісе кетсе, ойлануға рұқсат сұрамаса, ондай қыздан сақтық керек шығар. Өзінің көркімен, ақылымен жігітті тәнті еткен қыз неғұрлым «қол жетпестей» болса, соғұрлым оның намысы да биік тұрары анық.