Базарбаевтар отбасының қызықты шытырмандары!

Базарбаевтар отбасының қызықты шытырмандары!
жеке
блог

Жақында "31 арнада" қазақ тіліндегі отандық алғашқы "Базарбаевтар" ситкомының жалғасы басталады. «Базарбаевтар» отбасының кейіпкерлері көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлап, таңқалдыру үшін «31 арнаның» экранына қайта оралмақ! Екі айға созылған, телехикаяның түсірілімі арнайы алаңда жүзеге асырылды.


Нұрлан Қоянбаев, продюсер:
«Жалпы, ұсақ кикілжіңдерді айтпағанда, Базарбаевтар отбасында татулық пен бір-біріне деген өзара сыйластық орын алған. Осы маусымда біз әзіл-қалжыңдарды мүмкіндігінше көбейтіп, қойылымды көңілді, күлкілі етуге тырыстық және актерлер құрамын ауыстырып, толықтырдық. Гүлнара Сильбаеваның орнына жас актриса Салтанат Бақаева келді. Ол түсірілім тобының мүшелерімен тез және жеңіл тіл табысып кетті. Салтанат кәсіби актерлік мамандық алған, сахнада жұмыс істеуі және ситкомда түсу тәжірибесі бар».

Түсіру сәтінің алғашқы кезінде Гүлнара Базарбаеваның ауылдағы өмірін көрсету мақсатында сюжеттерді түсіру үшін жұмыс тобы бірнеше күнге ауылға барды. Осы сәттен-ақ Базарбаевтар отбасының шытырманды оқиғалары басталып кетті. Отағасы Саламат ерке қызын тәрбилеу мақсатында оны екі аптаға ауылдағы туыстарына жібереді. Алғашқыда қызы қыңырланып, ауыл өмірінің талаптарын қабылдауға көнбейді, бірақ ақырындап өзіне достар табады, тіпті көршінің қызы Балымшамен де достасады.

Гитарамен ән салып, есік алдындағы кешкі отырыстардың бірінде жаңа махаббат өмірге келеді. Енді, онсыз бола ма? Айтпақшы, махаббат оты Базарбаевтар отбасының ең кішкентай мүшесін де шарпиды. Осыған дейін Аянамен дос болып жүрген Әрсен, енді жаңа көрші - сұлу Заринаға көз салады. Бұл жасөспірімдердің оқиғалары телехикаялардағы шиеленістермен салыстырарлықтай.
Танымал адамдарсыз да болмады, бір күні Базарбаевтар отбасына елбасының өзі келді. Қалай болғанда да, Әл-Фараби даңғылындағы үйдің тұрғындары солай деп ойлап қалды. Ал, негізінде бұл Елбасына ұқсас Қостанай қаласының тұрғыны Сәрсенбай Доданов еді. Өз-өзін ойнауға ол кісі қуана келісті: «Егерде қомақты шараларға шақырса, мен келісемін. Ұсақ-түйек нәрселерге барғым келмейді. Қалай айтқанмен де, бет-бейне бұл - тұлға. Мен қайда барсам да, шынымен танымал адамға айналдым», - дейді Сәрсенбай аға.

Шерәлі Базарбаевтың өмірінде де күрт өзгерістер орын алды. Ол ойнайтын бірінші дивизиондағы "Жауқазын" футбол командасынан сәттілік біржола теріс айналды. Осыған байланысты Базарбаевтар отбасының тұңғыштары жұмыс орнын өзгертуді шешті. Бірақ, оның қолынан тек такси жүргізуші болу ғана келді.

Телехикаяны шығарушылар, сериалдың екінші маусымы өмірдегі қызықты сәттерге толы болатынына уәде береді. "31 арнада" 21 қарашадан бастап Базарбаевтар отбасының қызықты оқиғаларын тамашалаңыздар.