Көңілімнің толқыны

Көңілімнің толқыны
жеке
блог

    «Ол маған әлденелерді  былдырлап айтып жатыр... Оның не айтып жатқанын білмеймін, бірақ  мен өзімше оған ризамын... Қатты жақсы көреді екенмін..!

    Ұшырасып қалыппыз... Киіп алған костюмі де өзіне құйылып қойғандай, сондай жарасымды... Оның даусына елең ете қалдым... Сірә, жаһанда одан асқан ардақты адам жоқ секілді мен үшін. Ғашықпын..! Ғашық екенмін... Оның қисық-қыңыр сөздері де, маған  басқаша әсер ететіндей... Ойда жоқта жанарыңмен жанарым түйісе қалмасы бар ма? Түу! Не деген керемет сәт...»

    Оянып алып, осы түстің жалғасы болса екен дегендей көзімді тарс жұмамын...)   Ол туралы құрбыларыма да айтуға ұяламын...Ол туралы әлемде ешкім білмесінші...  Мен үшін ол бәрібір «жақсы» адам...))

    Тәйірі, адамды ұнату, жақсы көру дегеніміз жаман қасиеттерімен қоса ұнату шығар... Өзім үшін ашқан пәлсапам әзірше осы... Біреудің жаман қылықтарын, жаман қасиеттерін біле тұра ұнату... Ей, дүние-ай, «неткен ақымақпын» дейм кейде өз-өзіме! Осы «сықпытсыз» көңілімді, күйімді түсіне алмай әлекпін...

    Бірақ, саған айтарым бар!  Мені мазаламашы... Менің суық қарап тұрған көздерім саған қадалмас үшін...  Жүрегімнің соғуы жиілемеу үшін.  Жан баласына ашпаған сырымды сен де біліп қалмауың үшін... Халімді сұрамашы, түсіме де кірмеші... Сен туралы естімесем, білмесем екен, Сені көрмесем екен... Ол бұның өзіне қатысты екенін сезбейді-ау... , мейлі, сезбей-ақ  қойсыншы!..

    Сапырылысқан адамдардың арасында келемін... Әне біреуде оның көзі, енді біреуде оның  күлгені, енді біреуінде оның сабалақ-сабалақ болған «прическасы» ...)) Әйтеуір толассыз қиялыммен сізді іздеймін... Бірақ... бірақ... маған елес «сіз» қымбат екен, мен үшін елес «сіз» ардақты екен... «Сіз кімсіз? Сіз кім екенсіз» десем, қиялымдағы құрастырылмаған бейне ғана екенсіз...