Рухты оятқан текті өлең!

Рухты оятқан текті өлең!
жеке
блог

      Бір ауыз сөзбен шешеміз сөздің арасын,
      Бір ауыз сөзбен береміз достың бағасын.
      Бір ауыз сөзге сыйдырып барлық сезімді,
      Шертеміз еппен көңілдің ашық пернесін.

      Ұлы Абай айтқан патшасы сөздің өлең деп,
      Оқысам өлең мән берем сөзге терең деп.
      Қазақта нағыз қазақи рухты оятқан,
      Абай атамның өлеңдері деп білем мен.

      Қыран құс талмас самғаудан әркез биікке
      Ол үшін ұшу мәртебе әркез биікте.
      Асқар таулардай алып тұлғалар көп бізде,
      Сонымен қатар шоқжұлдыздарда биікте.
 
      Шындықты қамшы,қылыш қып ұстап қаламым,
      Шәкірті болсам Шаханов Мұхтар ағамның.
      Оқысам ғажап көп томдық жазған өлеңін,
      Кім білер бәлкім ұшталар тағы қаламым.