Сен - ақынсың
блог
Неге осы мен желігем?
Осы өмірге неге,айтшы, келіп ем?!
Бар жазығым Мұқағали сияқты,
Мұңды – мұңға өлеңіммен телігем.
( ақын досым )
Сен – ақынсың, нәзік жансың, қаталсың,
Ойды, мұңды жүрекпен ұғып жатарсың.
Шабытыңа қанат байлап әуелеп,
Талай мұхит тереңіне батарсың.
Сен – ақынсың, ақкөңілсің, адалсың,
Бәрінің – ақ қас – қабағын бағарсың.
Бейшарасың, бақыттысың, байсың сен
Үміттерді сұлу сөзбен жағарсың.
Сен – ақынсың, періштесің, перісің,
Өлеңіңмен тербетерсің ел ішін.
Жүректердің түкпіріне жол теуіп,
Небір тағдыр соқпақтарын көрерсің.
Сен – ақынсың, жаралысың мәңгілік
Тұрсын мейлі саған қарап таң күліп.
Сезімдердің жетегінде жүресің,
Қозғалса да еленбестей тал шыбық.
Сен – ақынсың, қайраттысың, қорқақсың,
Жолаушысы өмір атты соқпақтың.
Керуеннің көсемісің, шешенсің,
Шабыт келсе аялдайтын тоқтап мың.
Сен – ақынсың, шыншыл, әрі алдамшы
Сөздеріңнен аққан тәтті бал тамшы.
Арманыңа тұлпар жегіп ұшарсың
Қалқаның бар сұлу, сазды жыр қамшы.
Сен – ақынсың, асқарысың биіктің,
Көкірегіне алған уыс жиып мұң.
Сен – ақынсың, өлі жанға дем берер,
Қонғаны рас киесінің киіктің.
Сен – ақынсың, тосылма еш, жырлағын,
Болашақтың шырқалатын нұрлы әнін.
Сен – ақынсың, өлеңдетер өлгенше
Бұл өмірдің шертілмеген сырларын.
Авторы - Анар