3 минутта әлемді шарлаған Алмат Сақатов

3 минутта әлемді шарлаған Алмат Сақатов
жеке
блог

«Астана» арнасында «Саған сенемін. Мой лучший» жобасында әзіл сахнасының сырттаны, актер Алмат Сақатов 3 минуттың ішінде әлем қалаларына саяхат жасап қайтты. Бұл саяхатты жасауға жары Нұргүлдің тіккен жоғарғы ұтысы себеп болды. Өкінішке қарай, әсем қала – Алматыны танымай қалған қатысушы жарының сенімін ақтай алмады.

         Нұрмағамбат пен Құралай жұбы құймақ құю сайысында 3 ұпайға ие болып алға шыққанымен, күшөлшегіште күшін  9 ұпайға жеткізе алмаған Нұрмағамбеттің жеңілісі қарсыластарына бір-бір ұпай сыйлады.

         Ұтыс тігу бойынша рэппер Диланидің құрбысы Зульфия аса белсенділік танытты.  Құрбысының арқасында ат ерттеп мініп, балалық шаққа саяхат жасап қайтқан Дилани берілген уақытта тапсырманы толықтай орындай алмады. Бірақ, соңғы айналымда тәуекелге бел буып, тағы да өз бағын сынап көруді жөн көрді. Зульфияның тіккен ұтысы орындалды ма? Дилани 20 кесе қымызды аз уақытта ішіп үлгерді ме?

   Осы сұрақтардың жауабын  «Астана» арнасында  жексенбі күні, сағат 19.00-де ала аласыздар.

     Азаматтың сырттанын, жігіттің сұлтанын анықтайтын кез келді. Бұл думан жарын жолбарысым, азаматын арыстаным деген нәзік жандылар туралы. Олар «Саған сенемін» дейді. Ал, ерлер сүйіктілерінен осы сөзді есту үшін бәріне дайын.