Менің сүйікті аксессуарларым

Менің сүйікті аксессуарларым
жеке
блог

Осы эстафета қатты ұнады маған. Адамдардың неге қызығатындары мені қашан да қызықтырған болатын.

Кеше Анара эстафета жазшы дегенде, қуандым. Үйге барып заттарымды қарап, ойланып қалдым. Бір затқа қатты қызығып, жинау деген менің ісім емес екен. Бар аксессуарым ана үш қорапқа сияды екен ))

Содан тартпаларымды қарасам, менде компқа байланысты заттар өте көп екен. Әдемі, күшті, анадан ерекше екен деп жинаған наушниктерім, юзв шнурларым, переходниктерім, тышқандарым, сумкаларым көп екен (бәсе, мамам неге ұрсады десем, соларды көрген сайын)). Сол наушниктерім: Маған әдеміліктен гөрі дауыс тазалығын ұнатам

Шашқа тағатын заттар ұнайды ерекше, бірақ көп қолданбаймын. Мен үшін грабли мен резинка болса болды. Кейінгі кезде тастары мен жылтырағы барларды алып жүрмін. 

Сонан кейін қатты көзді күшті бояйтын қыздар құсап көз бояқ жинап жүрмін :). Соның бәрінің ішінен тек қара түсін жағамын (бәрінің қарасы бітіп тұрады). Содан тек қара көз бояқ алуға көштім. 

Қойын дәптерін жинайтынымды алдында жазып ем ғой, соларды таңдап алған ұнайды. 

 Әзірше осы менің жиған- тергенім :)

Жинаңыздар, тағыңыздар, әдемі болып жүріңіздер! 

Пы.Сы.Анара өзің жазбасаң бомайын деп тұр :)