Оқушылық өмірдің тәтті естеліктері

Оқушылық өмірдің тәтті естеліктері
жеке
блог

Кеше үйден альбом қарап, өткен өмірімнің біраз жеріне барып қайтым, талай серілік құрған күндерім өтіпті, бүгін жаңа эстафета бастамақпын. Оқушылық  өмірімнің көбі интернатта өтті, интернатта тұрып білім алғандарың оның  қызыққа толы күндерін жақсы білерсіңдер ғой. Оның өзіндік қызықтары бір төбе. Әр мерекелерде вечер ұйымдастыратынбыз (қазір жастар сондай вечерлер жасамайтын сияқты). Үйдің үлкендері қалаға кеткен күні, сол үйдің балаларының атаманы вечер жасауға план құрып тастайды, қыздардан бұрын келіп ол үйдің терезелерін қараңғылайтынбыз, қазіргідей техника жоқ, бұрынғылардан қалған романтиканың қалдығы немесе қытайлардың алғашқы шығарып жатқан магнитофонына физиканы үшпен оқыса да темір терсектің тілін жақсы меңгерген трактористің баласы Серік  әкесінің жас күнінде сатып алған колонкасын жалғайды.

Сөйтіп басталады вечеріміз.  Арасына екі үш би жіберіп вальс қоямыз, вечер басталмай  вальс билейтін қыздарымызды бөліп аламыз, сабақты жақсы оқитын, әдемі қыз деп.  Ол кезде қазіргідей қыздар сағат тақпайды, сотка жоқ. Бөлмедегі  қабырға сағатты басқа бөлмеге ауыстырамыз, сағатты кері бұрап қоямыз. Қыздарды солай алдайтынбыз. Қайтамыз десе  есіктің сыртын даладғы кішкентайларға кілтетіп қоятынбыз.  Сол кездері АБК, Руки вверх, 101 топ осыларға билейтінбіз, мындай касеталар болатын, олар арасында шайнап қалатын. Касета шайнап тынышталып қалғанда  ойындар ойнайтынбыз. «6қасық», «кис или бриз» т.б.  сөйтіп вечерлер өтетін.  Мектепте кеш ұйымдастырған  класс дискотека жасайтын. Ол дискотекаға рұқсат алу жақсы оқитын қыздардың міндеті болатын, сынып жетекшіден бастап, тәрбие меңгерушісімен  директордың тілін табу.  Осындай қызықтары бар оқушылық өмірімді сағындым. Сіздің оқушылық өміріңізде қандай қызықтар болды?

 

жарты сағат отырдым сурет сала алмай