"Өнеге" журналының келер санына анонс

"Өнеге" журналының келер санына анонс
жеке
блог

Мұқаба қонағы Мадина Сәдуақасова. Мадина Америкада кімнің жүрегін жаулады?! (және Мадинаның эксклюзивті су жаңа фотосессиясы)

Көрерменді тебірентіп, көзіне жас үйірген «Шал» фильміне түскен актерлер мен режиссердің журнал журналистеріне берген эксклюзивті сұхбаттары...

«Өнеге» оқырмандарымен бірге ең үздік жігіттер тобын таңдадық. Олар: «Ринго», «The jigits» және «Мело’мэн» топтарының сұхбаттары мен тыңдармандарына ыстық сәлемдері:)

«Шабыт» айдарының қонағы – маңғыстаулық ақын Рахат Қосбармақ.

Димаш атаның батасын алған, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің аяулы қызы Дінзухра Тілендиева.

Өнердегі өнегелі өмір: Айтматов қасиетті тұмарындай көрген Мұхтар Әуезов

Бүркіт пен Аишаның арасы 12 жас. Аиша Испанияда туылса, Бүркіт Тараздың жігіті. Жұлдызды жұп туралы өзге қызықтар «Егіз-лебіз» айдарында.

Уақыт көрсеткіші: 1989 жыл: Алтынбек Қоразбаев шәкірті Мейрамбекпен. 2012жыл: ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев шәкірті әнші Мейрамбек Бесбаевпен. Фотошежіре

Бала шақтан болашаққа айдарының фотолентасында оқырмандар ұсынысымен Мейрамбек Бесбаев. Әншінің бала шақтан болашаққа басқан әр қадамы.

«Көк сандықта дөңгеленген дүние»: таңғы бағдарламалардың атасы – «Таңшолпан» 20 жаста. Кадр сыртындағы қызықтар.

Әли Оқапов, Меруерт Түсіпбаева, «Асыл» тобы, Таңат Мамырханов, «Дара», «Азия» топтарының шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісеміз!

Шайлардың ең пайдалысы көк шайдың сіз білмейтін пайдалы қасиеттері


«Өнегенің» асүйінде Әли Оқапов. «Гармония» салатын қалай әзірледі?

«Мәлімет» айдары әлем көшелері туралы. Әлемдегі ең ұзын көшенің арасы Ақтөбе мен Алматының арасындай екенін білесіз бе?!

«Ізбасар» айдарында үрім-бұтағымен дәрігерлік мамандықты игерген ақ халатты абзал жандар отбасы – Нұрғожаевтар әулеті.

«Шебер» айдарының қонағы – Мәскеуді бағындырған қазақ, өз ісінің нағыз шебері Арман Давлетьяров.


Талғамы биік, танымы терең сәнгерлер апталығы – Kazakhstan Fashion Week. Қазақ дизайнерлерінің коллекциялары мен пікірлері.

«Руханият» айдарында қасиетті құрбан айт мерекесі туралы.

Айлан сәбиге әншілер демеу болып концерт берді. «Өнегенің» қайырымдылық концертінен репортаж.

«Өнегенің» бәйгелері жалғасын табуда! Журналға ең көп адамды жаздырған белсенділерге «Өнегенің» арнайы сыйлығы бар. Журналмен түскен қызықты суреттерді жіберетін мекенжай: onege@list.ru