Кыванч Татлытуг: «Маған «Кузей Гюней» өте ұнайды»!

Кыванч Татлытуг: «Маған «Кузей Гюней» өте ұнайды»!
жеке
блог

Енді, міне түрік теледидарының алып жұлдыздары бір киноға түсті. Қара
шашты Гюльсой мен романтикалық Татлытуг бір алаңда! Телехикаяның сюжеті,
кейіпкерлері және оларға деген көзқарастары туралы, басты рөлдерді сомдаушы
актерлердің өздері айтады.
«Кузей Гюней» телетоптамасы – бұл ағайынды екі
жігіт жайлы және олардың араларындағы кақтығыс туралы. Олар ағайынды бола тұра,
бір-біріне мүлде ұқсамайды. Оларға бір-біріне жақын болу өте күрделі. Кузей
жалқау және өмірде көп нәрсеге қолын жеткізген Гюнейге қызғанышпен
қарайды.
Жасаған қылмысы үшін, Кузей түрмеге отырады. Осы кезде Гюней жұмыс
тауып, өзінің бірінші ақшасын табады. Және осы кезде ата-аналары жерлерінен
айырылады. Кузей де бостандыққа шығады, алайда ағайындылардың арасындағы
қарым-қатынас өзгермейді.
Екеуінің арасындағы алауыздық мәңгі болуы мүмкін
емес, ортақ мақсаттарына жету үшін оларға бірігіп, сол қиындықтардан өтулері
керек. Тек қана бірігіп жасалған жұмыс қана бүкіл жанұяның жағдайын жақсартып,
өздері бұзған араларындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектесе алады. Жаңа
телехикаяның актерлері сюжеттен алған өз әсерлерімен бөлісті.
Бугра
Гюльсой:
- Гюней өте кеудемсоқ, жоспарын іске асыру үшін көп нәрсеге
дайын. Бугра мен Гюнейдің айырмашлықтары да осы шығар. Әрине, менің де алға
қойған мақсаттарым бар, бірақ мен үшін басқалардың қиналғандарын
қаламаймын.

Мен сценаристер Эдже Йоренч пен Мелек Генчоглуарды
өте жақсы көремін. Олар кейіпкерлерді ешқашан жаман, жақсы деп бөлмейді. Бір
кейіпкердің жақсы және жаман жақтарын да көрсетеді. Кей кездері адамдар өз
құштарлықтарын жүгендей алмайтын жағдайда болып, жаман істерге барады, ал,
артынан ар- ұждан азабына түседі.

Кыванч Татлытуг:
-
«Маған «Кузей Гюней» телехикаясы өте ұнайды. Біз бұл жерде жақсы немесе жаман
жағдайлардың болатынын дәлелдеуге тырысамыз. Осында адам өмірінің тарихы
көрсетілген. Өмірде қиын-қыстау сәттер көп. Осы қиын кездерді басынан кешкен
адамның тарихы. Кінәсіз адам түрмеге түседі. Шыққаннан кейін, өмірге бейімделіп,
өз ісін бастауға тырысады. Түрмеге отырып шыққан адамды қылмысты жасаған,
жасамағынына қарамай, маңайындағылар бәрібір де кіналайды, сондықтан оған жұмыс
табу қиын.
Өзін көрсетуге мүмкіндік те бермейді. Ол кезде бұл жігіт 17
жаста ғана еді.
Нағыз ерлердей, әскер қатарында болуды
армандайтын. Оның ауыр жарасы бар, асқазанының ауырғандығынан, дұрыс тамақтана
алмайды. Мырзалар, сіздер осындай жағдайда лайықты жұмыс таба алмайсыздар, басқа
вариант жоқ. Сонда, ол не істейді?