Агент қызық мол жылдар...

Агент қызық мол жылдар...
жеке
блог

Иә сіздер Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" романына ұқсатып отқан боларсыздар. Жо-жоқ бұл мүлде басқа. Десекте телміріп ұялыңызда яки компьютеріңізде интернетте, соның ішінде "Мой мир"-де отқан боларсыз. Әсте солай болса керек. Виртуальды өміргеде бірте-бірте аяқ басып, етімізді әбден үйретіп алдық. Ендеше оқи отырыңыз. Заманның озығы бар, тозығы бар дейміз, бірақ сол озығымен тозығынанда айырылғымыз келмейді. Қазір жастар арасында, одан қала берді үлкендер арасынада танылып үлгерген М.Агент жайында. Агент десе ішкен шайымызды статусқа қоятын болып алдық. Ендеше ас болсын! Ал мен одан әрі жалғастырайын. Мектеп оқып жүргенімде осы М.Агент десе шошынатыным бар еді. Кейін студенттік шағымда өзім бұдан бір елі шықпайтын болып алдым. Қате ойлап қалмаңыз құмарына кіруден аулақпын. Қызығы сол күнде қабылдаулар, кешкісін кездесулер. Осының бәрі М.Агенттің пайдасы дейін бе? әлде зияны дейін бе? өмір сондай "керемет" болып көрінетін. Айтпағым бұл емес-тін. Жақында бір танысым, шындығы туысым Қамал алар шағынан асқанда Орда бұзар жігіттің жасындағы қызға, (шындығы кәрі қызға) құда түсіп, артынан ауылдағы "Мен, мен" деген мейрамханада тойын дүкіретіп өткізді. Әлгі туысымнан көңілім қалды. Үйленгені үшін деп ойлап қалмаңыз. Басқаша. Бұл жолы көңілім қатты қалды. Мен үлгі тұтып, ардақтап жүрген ағамның түрі мынау. Қалай дейсіз ғой? Әлгі ағамнан қалжыңдап сұрағанмын бар еді Жеңгемізбен қалай таныстыңыз?- деп, ағам міз бақпастан Агенттің арқасында ғой деп езу тартқаны бар. Ал мен болсам содан бері әлгі ағамды аға тұтуды да қойдым. Ақыл сұрап, кеңес алудыда доғардым. Иә, бұл бүгінгі ағалардың кейінгі інілеріне берген өсиеті, үлгісі болса керек деп түсіндім. Ал мен ішімнен "Агент қызық мол жылдар" деп күбірлеп қала бердім.