Біз неге сондаймыз

Энди Харрис деген Оңтүстік Африкалық азаматпен таныстым, футболда. Ол да футболға құмар жандардың бірі екен. Алматыда жүргеніне биыл бес жыл толыпты. Қазақшаға судай. Тіпті біз білсек те қолданбайтын (бағдаршам, кептеліс...) сөздерді қолданға кәдімгідей ұялып қалдым. Бізді үйіне қонаққа шақырды. Өзіне Еркін деген атты таңдап алыпты. Жұбайы Жәмиля (ағылшын қызы, Жәмиля қазақша аты), екі кішкентай қызына Тоғжан (Тэлли) және Еркежан (өз атын ұмыттым) деп қазақша ат қойыпты. Екі есімді де Абай жолынан алдым деп бізді тағы таңқалдырды. Қазақ болсақ та сол кітапты оқығандарымыздан оқымағандарымыз көп қой. Қазақ тілі өте керемет қой, неге қазақтар орысша сөйлегенді ұнатады деп қынжылды Еркін. Орысша да білем, бірақ біреу орысша сөйлесе, әдейі "Я не понедельник" (не понимаю дегені ғой) деймін, өйткені мен Қазақстандамын дейді. Ал қазақ жастарының бұл тақырыпқа бас ауыртқысы да келмейді.

Кеше университеттегі дебат клубына бардым. "Орыс тілінің аясын тарылту жолдары" деген тақырып ұсынып едім, өз қазақтарымның арасында қарсылыққа тап болдым. Ол ұлтшылдық, орыс тілі ұлт аралық тіл, ол тақырыпты университеттің басшылығы ойнатпайды, тағы не деді көкем-ау... Сол кезде Африкалық Еркінді айналмасқа амалым қалмады. Ол қазақ жерінде  тұрғаны үшін қазақ халқын, қазақ тілін құрметтеп отыр. Демек ұлтқа деген париоттық сезімі бар. Ал біз Қазақ жерінде тудық қой... Біз неге...??? Менде айтатын сөз жоқ... Қайнайды қаның, ашиды жаның.



Бөлісу: