Бір сәт тыныштық
блог
Тыныштық...Құлпырған дүниені сезіну, мақсаттарға жол салу, арман атты тұлпармен алыс – алыс жақтарға сапарлау, көңілдегі көлеңкені аппақ бұлттарға алмастыру, сезімге берілу, санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу, т.с.с. міне, бір сәттік тыныштықтың құдіреті.
Алматының у – шуы күйбең тіршіліктің пенделеріне әсер етпей қоймайды.Осындайда, мейлі жолда, мейлі жұмыста, мейлі сабақта болсаң да, іштей бір сәттік тыныштықты қалайсың. Бұл, осы дүниеден безіну емес, сұлу дүниені сезіну, тынымсыз тірлікті таразылау, ақ пен қара айқасындағы ақтарға жақ болу дер едім.
Арасында үнсіз ғана құстардың әнін тыңдап, қиял әлеміне сапар шегіп тұрғанға не жетсін?! Уақыт жоқ деп, уақыттың дегенін орындап жүрген біздер, керісінше, біз уақытқа әмір беретінімізді ұмытқандаймыз...
Міне, мен айналамдағы дауыстарды ұмытып, тыныштық, сен туралы жазып отырмын. АРМАНҒА МЕНІ ЖЕТЕЛЕ ! ...