Твиттердегі жұлдыздар

Қазақстандық танымал тұлғалар заманауи гаджеттерді пайдаланып, ғаламтор тенденциясынан қалмай келеді. Мысалы, Твиттер желісінде Сәкен Майғазиевтен (@SakenMaigaziev) бастап, Баян Есентаева (@Yessentayeva), Ринго тобының мүшелері Аян Бірбаев (@ayanbirbayev) пен Данияр Өтеген (@DaniyarOtegen) продюсерлері Алуа Қонаровамен (@AluaKonarova) твиттердің тұрғылықты мүшелері.

Сонымен қатар, твиттердің қызыл белсенділеріне тележүргізушілер Маржан Сұлтанбаева (@Marzh_KHABAR), Динара Сатжан (@DinaraSatzhan), Ксения Сухомазова (@StarXenon), Асхат Садырбай (@askhatsadyrbai), Марат Оралғазинді (@Oralgazin) жатқызуға болады.

Және де танымал актерлер мен актрисалар Нұртас Адамбаев (@NurtasAdambayev), Аружан Жазылбекова (@arujazz), Әсел Сағатова (@SagatovaA) да 140 символдың қызығын көруде.

Әншілерден Дауыс Int. тобының мүшелері Әсел Сәдуақасова (@ASSELYOCHEK) мен Рано Омарова (@RanoshaUm83), Әли Оқапов (@AliOkapov), Айқын Төлепберген (@AikynT), Алмас Кішкенбаев (@Kishkenbayev), Алишер Каримов (@karimov_alisher) және Әнел Аринова (@AnelArinova) тыңдармандарына жаңалықтарын жедел жеткізіп, қуантып отырады. 

Әрине, бұл твиттерді пайдаланатын танымал тұлғалардың толық тізімі емес. Қалай болғанда да, жұлдыздарымыз заманның ағымынан қалмай, тыңдармандары мен көрермендерімен тікелей байланысқа шығып, жылы лебіздері мен ескертулерін оқып отыратыны қуантарлық жайт. Сонымен қатар, күнделікті көк экраннан көріп жүрген тұлғалардың қандайда бір жәйттарға деген көзқарастары мен пікірлерін оқыған әрдайым қызық емес пе? 

Твиттерде "Өнеге" журналының (@OnegePress) да жаңалықтары мен жазбаларын оқи аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар! 



Бөлісу: