«31 арна» өзінің ең адал көрермендеріне сый тартады

«31 арна»  өзінің ең адал көрермендеріне сый тартады
жеке
блог

«31 арна» 22 қазаннан 16 қарашаға дейін эфирде өтетін акцияның басталуы жайлы хабардар етеді. Түріктің жаңа «Кузей Гюней» телехикаясын көрсету аясында көрермендердің арасында көптеген құнды сыйлықтар ойнатылады. «31 арна» хабар таратқан жылдардан бастап отандық көрермендерге орасан зор фильмдер мен телехикаялар ұсынып келеді, солардың ішінде әсіресе түрік телехикаялары ерекше сұранысқа ие. Жыл өткен сайын түрік киносы мен жұлдыздарының өміріне деген қызығушылық арта түсуде. Осы жайтты ескере отырып, «31 арна» жыл сайын терең драматургиялы, ғажайып музыка мен актерлердің жақсы таңдауына толы өткір сюжетті сапалы фильмдер ұсынып келеді. Мәдениетіміз бен менталитетіміз бір, өмірге деген көзқарас пен философиямыз ұқсас түрік халқының өнімдері қазақстандықтарға рухы жағынан жақын. Оның үстіне, әдемі өмір, пейзаждар және адамгершілік қарым-қатынастарды көрсететін телехикая, көрермен ықыласын өзіне баурап алады. Кейіпкерлер жақын адамға айналып, олар туралы әр отбасында әңгіме болады. Жақында көрермен көңіліне жол тартқан «Кузей Гюней» атты мелодрама арнада көрсетіліп жатқан жиырмасыншы, яғни мерекелік фильм! Осы айтулы шараға байланысты «31 арна» түрік жұлдыздарының ең адал табынушыларына 20 теледидарды сыйға тартады. Жарысқа қатысудың ережелері өте оңай. Күн сайын «Кузей Гюней» телехикаясын көрсететін уақыт аралығында, сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін, экраннан болып жатқан серияға қатысты арнайы сұрақ көрсетіледі. Дұрыс жауапты бірінші болып, +7 777 331 31 31 нөміріне смс-хабарлама арқылы жіберген көрермен плазмалық теледидарды ұтып алады. Ең белсенді қатысушылар құнды сыйлықтарға ие болады. Сыйлықтар күн сайын ойнатылатын болады. Қатысып, жеңіп алыңыздар! Акция туралы толық мәлімет www.31.kz сайтында